Шымкентте 21 жастағы шетелдік есірткімен ұсталды

cover Фото: Polisia.kz

Шымкентте 21 жастағы шетелдіктен аса ірі мөлшерде есірткі тәркіленді, деп хабарлайды Orda.kz. 

ІІМ-нің мәліметінше, ер адам қала аумағында «синтетика» таратумен айналысқан. 

Тексеру барысында одан мефедрон салынған бумалар табылып, тәркіленді. Психотроптық заттардың жалпы салмағы 100 грамнан асады. Ұсталған ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды. 

«Анықталған жайт бойынша полиция тергеу әрекеттерін жүргізіп жатыр. Тәртіп сақшылары есірткінің заңсыз айналымына байланысты қылмыстар үшін ұзақ жылдарға бас бостандығынан айыру жазасы көзделгенін ескертеді»,  делінген ведомство хабарламасында. 


Жаңалықтар

барлық жаңалықтар