Шымкентте 2 млн теңге алу кезінде ұсталған полицей 20 млн теңге беріп қамаудан шықты
Күдіктіден 2 млн теңге алу кезінде ұсталған Шымкент қалалық полиция департаменті Абай аудандық полиция басқармасы бөлім басшысы Мейірбековті қалалық тергеу соты 20 млн теңге кепілмен қамаудан босатты. Бұл туралы Orda.kz тілшісіне қалалық сот хабарлады.
Тергеу жағы Мейірбековтің бас шарасын «күзетпен ұстау» түрінде сұраған. Бірақ сот оны кепілмен босатқан. Кепіл мөлшері 20 млн теңге деп белгіленген.
27 желтоқсанда қалалық полиция департаменті өзіндік қауіпсіздік басқармасы полиция қызметкерін алаяқтық қылмысына қатысы бар әйелден сот үкімінің оң шешілуіне жәрдемдесемін деп 2 млн теңге алып жатқан жерінен ұсталғаны туралы ақпарат таратты.
Күдіктінің үстінен Қылмыстық кодекстің «Алаяқтық» бабымен (190-бап) қылмыстық іс қозғалып, уақытша ұстау абақтысына қамалған.
Бұдан бұрын Шымкент қалалық полиция департаменті жанындағы патрульдік полиция полкі рота командирлері пара алу кезінде ұсталған. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі олардың үстінен «Пара алу» бабымен, ал командирлерге пара берген инспекторлардың үстінен «Пара беру» бабымен іс қозғаған.
Автор: Дилара Иса
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық