Шымкент тұрғынын тұрғын үйге мұқтаж адамдар тізімінен шығарып тастаған
Фото: freepik.com
Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында талап қоюшы А.-ның тұрғын үйге мұқтаж азаматтар тізімінен шығарылуы туралы талап арызы қаралды, деп хабарлайды Orda.kz.
Сотта анықталғандай, А. халықтың әлеуметтік жағдайы төмен азаматтар тобындағы толық емес отбасы санаты бойынша тұрғынжайға мұқтаж азаматтар есебіне тұрған.
«Басқарманың хаттамалық шешімі бойынша А. тұрғын үй кезегіне толық емес отбасы ретінде жанұя құрамы 5 адам болып тіркелген. Қазіргі таңда тіркеуде талап қоюшы және ұлы бар. Отбасының жанұя мүшелеріне шаққандағы кіріс көзі соңғы 12 айдағы күнкөріс деңгейінің 3,1 еселенген мөлшеріндегі коэффициентінен асып тұр және талап қоюшының қызы К.-ның иелігінде болған пәтерін сатып алу-сату шартына сай меншіктен шығарылған деген негізбен талап қоюшы кезектен шығарылған. Ал Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңына (бұдан әрі – Заң) сай, тұрғын үйге мұқтаж адамдардың ең төменгі күнкөріс деңгейінің 3,1 еселенген мөлшерінен асқан жағдайда тұрғынжайға мұқтаж адамдар есебiнен шығару көзделмеген» делінген хабарламада.
Сонымен қатар А.-ның тұрмысқа шыққан қызының атына тіркелген тұрғын жайға қатысы бар деген жауапкердің тұжырымын сот негізсіз деп тапты.
Жаңалықтар
- 200-ден астам ер адамға «әйелдерге арналған ота» жасалған
- Ұлттық домбыра күні: Астанада қандай іс-шаралар өтеді?
- Атырау облысындағы баласы ұрып-соғып, қамап ұстаған 90 жастағы қарияны немересі қолына алды
- Елімізде жаңа Конституция күшіне енді: Жаңа дәуірдің бастауы
- ӘЧ-2026: Холандтың голы Норвегияны1/8 финалына шығарды
- Ақ үй АҚШ-тың Иранмен қақтығысқа жұмсаған шығынын 30 миллиард доллар деп бағалады
- Қайын жұртын қырып салған күйеу балаға жаңадан айыптар қосылды
- Путин мен Тоқаев стратегиялық серіктестікті талқылады
- Данай Шайықов әлемдегі ең мықты кәсіби хоккей лигасының мүшесі болды
- Ерлан Қарин Президент Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды
- «16 жасында елді дүр сілкіндірген ақын»: Мұхтар Шахановтың өмірі мен ұстанымы
- Құрылтай — жаңа формат: Президент Құрылтай сайлауы мен оның маңызына тоқталды
- Футболдан әлем чемпионатының 1/8 финалындағы алғашқы жұп белгілі болды
- Тарихи өзгеріс: Қос палатаның соңғы отырысы
- Талғарда сегіз үйді өрт жалмап кетті
- 2026 жылғы 1 шілдеде бірден алты лауазымды тұлға тағайындалады
- «75 ісі»: Қамшыбек Тәшиевке тоғыз жыл түрме жазасы сұралды
- Мүфтият мәһрдің ең төменгі мөлшерін түсіндірді
- Елдегі жанармай талан-таражға түспейді: Ресеймен шекарада бақылау күшейтілді
- Түркістан облысында жол апатынан бір отбасының бес баласы қаза болды