Шымкент тұрғыны өртеніп жатқан үйден көршісінің алты баласын құтқарды
Сүрет: otyrar.kz.
Шымкент тұрғыны Марина Гафарова үйінің терезесінен өрт шыққанын көріп, кейін үйде қамалған балалардың көмек сұраған дауысын естіп, оларға көмектесіп, құтқарып қалды.
Гафарова әйнекті сындырып, өртеніп жатқан көршілерінің үйіне жүгіріп кіріп, алты кәмелетке толмаған баланы аман алып қалды. Құтқарушылар әйелді батылдығы үшін марапаттады.
Маринаның өзінің де 4 баласы бар. Ол өртті көргенде жалаңаяқ үйден жүгіріп шығып, үш метрлік қоршаудан секіріп кеткенін айтады. Ал үйдегі газ баллонын байқаған ол күйеуін көмекке шақырған.
«Мен балалардың жылаған дауысын естіп, жүгіріп шықтым, үйлеріміз бір-біріне өте жақын. Үйде кез келген сәтте жарылып кетуі мүмкін газ баллоны болған», - деді Гафарова.
Айта кетейік, өрт 16 желтоқсан күні түнде болған. Анасы балаларын жалдамалы үйге жатқызып, кетіп қалған. Осы кезде өрт шыққан. Қуанышқа орай, балалардың барлығы аман қалды. Қараусыз қалған балалар ұйықтамай, отпен ойнап жүрген болып шықты.
«Әйел осы үйден кәмелетке толмаған алты баланы құтқарып, батылдық көрсетті. Өрттің шығуына балалардың отқа абайсыз қарауы себеп болды» дейді Шымкент қалалық ТЖД бастығының орынбасары Еркін Отарғалымұлы.
Белгілі болғандай, Марина құтқарушылар үшін ең жоғары марапат – өрт кезіндегі ерлігі үшін медалін алады деген үміт бар. Қалай болғанда да, барлық құжаттар министрлікке жіберіліп қойған. Әйелдің айтуынша, оның орнында болса - кез келген адам дәл солай істейтін еді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық