Шымкент тұрғыны екі полиция көлігін қағып кетті
BMW маркадағы көлік мінген Шымкент тұрғыны екі патрульдік көлікті қағып кетті, деп хабарлайды Orda. Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Әлеуметтік желілерде полицияның қызметтік автокөліктерінің қатысуымен жол-көлік оқиғасының видеосы таратылуда.
Жол көлік оқиғасы 14 наурызда Ордабасы ауданының аумағында, республикалық маңызы бар Шымкент-Самара тас жолында орын алды.
Түркістан облысы ПД ЖПҚ патрульдік полиция қызметкерлері магистральды жолдың 49-50 шақырымында қолайсыз ауа райында көліктердің қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз еткен. Бұл уақытта мегаполистен Түркістанға бара жатқан BMW жүргізушісі Шымкент тұрғыны көктайғақ салдарынан көлікті басқара алмай, жол бойында тұрған патрульдік полициясының екі қызметтік Kia Rio көлігін соқты.
Бұл фактіні полиция Ордабасы АПБ-да тіркеді. BMW жүргізушісіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабы 1-бөлігі «көлік құралдары жүргізушілерінің жол жүрісі қағидаларын адамдардың денсаулығына зиян келтіруге, көлік құралдарының немесе өзге де мүліктің бүлінуіне әкеп соққан бұзушылығы» бойынша әкімшілік хаттама жасады.
Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Жүргізушілер медициналық куәландырудан өтті.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық