Шымкент тұрғындарының 34 млн теңгесін алдап алған алаяқ әйел сотталды
Шымкентте екі жыл бойы азаматтарды «мемлекеттік бағдарламамен пәтер алуға көмектесемін» деп алдап келген тұрғынға қатысты сот шешімі шықты.
Бұл туралы Шымкент қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Алаяқтың арбауына 21 тұрғын түсіп, жалпы сомасы 34 млн ақша берген.
«Алаяқтықты кәсіп еткен 27 жастағы әйел қала аумағында салынып жатқан көпқабатты тұрғын үйлерден танысы арқылы пәтер алып бере алатынын айтып, өзін жарнамалаған. Осылайша, тұрғындардың сеніміне кіріп, ақшаларын өз пайдасына жаратып отырған» делінген қалалық ПД хабарламасында.
Сондай-ақ, балаларын қарату үшін үйіне жұмысқа алған келіншектің банк картасын алдап сұрап алып, ұялы телефонына оның қосымшасын орнатып қойған. Ал жәбірленушілер берген ақшаның бәрі сол картаға түсіп отырған. Келіншек бұл алаяқтық әрекетті білген сәтте полицияға арызданған.
Бұдан өзге, басқа жәбірленушілерден алған ақшаны кездейсоқ адамдарға өтініш жасап, банкоматтардан шешіп жүрген.
«Күткен үйіне қол жеткізе алмай, алданғанын білген тұрғындар полицияға арызданған. Тәртіп сақшыларымен жүргізілген жедел-іздестіру жұмыстары барысында, куәлерден жауап алып, сұрастыру жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ, банктік аударымдар тексеріліп, әйелдің алаяқтық ісі дәлелденді. Сот шешімімен қылмыстық іс жасағаны үшін әйел 4 жылға сотталды» делінген хабарламада.
Өз кезегінде тәртіп сақшылары азаматтарға алаяқтың арбауына түсіп қалмау үшін, бейтаныс тұлғаларға артық сенім танытпай, күмәнді қызмет ұсынысына ермеуіне шақырады. Үй мәселесі жөнінде арнайы мемлекеттік мекемеге жүгінуге кеңес береді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық