Шымкент соты жүкті әйелін ұрып-соққан адамға ескерту берді
Шымкенттегі қалалық мамандандырылған ауданаралық соты азаматтық некедегі әйелін ұрып-соққан адамға ескерту берді.
Бұл туралы Orda.kz тілшісі хабарлайды.
18 жастағы жәбірленушінің аяғы ауыр. Сот істі Әкімшілік кодекстің «Отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер» бабымен (73-бап) қарады. Істе жәбірленуші мен айыпталушы жауап берді.
Жәбірленуші Қожабектің (аты-жөні толық жазылмайды – ред.) арыздануынша, 24-25 наурыз күні азаматтық некедегі күйеуі Мансұр Алтынмен өзара жанжал болған. Жанжал кезінде күйеуі аяғы ауыр екеніне қарамай денсаулығына қасақана жеңіл дәрежелі зиян келтірген. Төркініне алып барған. Автокөлігінің есігін ұстап тұрғанда көлікті жүргізген. Нәтижесінде әйел құлап, жарақат алған.
Күдікті Мансұр Алтын шағыммен келіспейді. Ол жанжал болғанын растайды. Бірақ қасақана ұрып-соқпағанын, абайсызда итеріп жібергенін айтады.
Дауға байланысты сот-медициналық сараптама тағайындалған. Сараптама қорытындысы бойынша, Қожабектің иығы көгергені, оң тізесі мен білегі, алақаны мен табаны сырылғаны анықталған. Автокөлік оқиғасынан жарақат алғаны нақтыланған.
Сотта әйелі де, күйеуі де бір-бірімен татуласудан бас тартты. Сот Қожабектің шағымы дәлелді деп тауып, Мансұр Алдынға ескерту берді.
Автокөлік оқиғасының болғаны сотта анықталған соң полиция Мансұр Алтынға жол жүру қағидасы талаптарын бұзғаны үшін бөлек іс қозғалатынын мәлімдеген.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық