Шымкент мешіттерінің біріндегі намаз төбелеске ұласты
Фото: видеодан кадр
Әлеуметтік желіде ер адамдардың бірі мешітте отырған екіншісіне кенеттен соққы жасағаны түсірілген видео тарап жатыр.
Намаз кезінде ер адам қатты соққымен қасында құлшылық етіп жатқан жігітті ұра бастаған.
Желі қолданушылары агрессия жігіттің дауыстап айтқан «әумин» сөзінен басталды деп болжайды. Оқиға 12 мамырда Шымкентте жамағатпен намаз оқылып жатқан кезде болған.
Ведомствоның мәліметінше, сол кезде мешітте болған бір топ келушілер намаз оқу тәртібін бірнеше рет бұзған.
Өзге өңірден Шымкент қаласына келген бір топ азамат мешіт имамының ескертуіне қарамастан бірнеше рет жамағат намазын бұзған. Өзге мәзһабта намаз оқыған олар жамағат пен имамның өтінішіне құлақ аспай, мешіт ережесін өрескел бұзды.
Намаз кезінде «әумин» сөзін қатты дауыспен айтқан жандардың әрекетіне төзбеген мешітке тұрақты келуші бір азамат олардың біріне қол жұмсаған. Нәтижесінде имам жамағат намазын тоқтатуға мәжбүр болған. Төбелес дер кезінде тоқтатылып, полиция қызметкерлері тиісті жұмыс жүргізуде.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мешітке келетін жамағатты мешіт ережесіне бағынуға, сонымен қатар құлшылық үйінде сабыр сақтап, көркем мінез танытуға шақырады.
Жаңалықтар
- 5,2 млрд теңгеден астам шығын келтірген: Мәсімовтың бұрынғы күйеу баласына қатысты істің мән-жайы белгілі болды
- Қазақстанда ең төменгі жалақы 150 мың теңгеге дейін көтерілуі мүмкін
- Атыраудағы орталық мешітте педофилдің жаназасы шығарылған: ҚМДБ ресми жауап берді
- Терістеу
- Түркиядағы мектепке қарулы шабуыл: 18 адам зардап шекті
- Тоқаев Жетісу әкіміне «Достық» бекеті мен «Қорғас» арнайы экономикалық аймағындағы жұмыстарды тиімді ұйымдастыруды тапсырды
- АҚШ Ормуз бұғазындағы Иран порттарына әскери блокада енгізді
- Дарын Мубаровқа 865 000 теңге айыппұл салынды
- АҚШ Иранға ядролық қызметті 20 жылға «тоқтата тұруды» ұсынған — The New York Times
- Блогер Эльмира Төлегенова сотта кінәсін мойындады
- БЖЗҚ зейнетақы активтері 25,8 трлн теңгеге дейін өсті
- «Пайдасын олигархтар көреді, халық табысы өспейді»: Сарапшы елдегі жағдайды талдады
- Билік қазақ экономикасы 3 пайызға өскенін мәлімдеді
- Жүргізуші куәлігін алу тәртібі өзгереді
- Қырғызстанда ҰҚМК төрағасының тағы бір экс-орынбасары мен бірнеше қызметкер ұсталды
- Өскеменде автобуста қыздарды қол жүгірткен адамнан арашалаған жігітке депутат телефон сыйлады
- Иранның Ормуз бұғазын аша алмау «себебі» белгілі болды
- Германияның ең ірі ұлттық авиатасымалдаушысы Lufthansa қызметкерлерінің ереуілі үдей түсті
- Хиллари Клинтон: Трамп «мүлдем алжи бастады»
- Астанада Абай даңғылының бір бөлігі 20 сәуірге дейін жабылады