Шымкент әкімдігі ауған босқындарын қабылдау туралы айтты
Фото: RT
Шымкент қаласының әкімдігі ауған босқындарын қабылдауға дайындық жүргізіп жатыр деген ақпарат «шындыққа сәйкес келмейді» деді.
Бұл туралы Orda.kz хабарлады.
– Шымкент әкімдігінің баспасөз қызметі Ауғанстаннан келген босқындардың келуіне дайындалып жатыр деген ақпарат шындыққа сәйкес келмейтінін ресми түрде хабарлайды. Тогус елді мекеніндегі №120 мектепте жаңа оқу жылына дайындық бойынша жоспарлы жұмыстар жүргізілуде, - деді әкімдіктің баспасөз қызметі.
16 тамызда жергілікті Vera.kz «Шымкент Ауғанстан босқындар қабылдауға дайындалып жатыр» деген ақпарат таратқан. Ақпарат бойынша, оларды екі ғимаратқа - бұрынғы студенттік жатақхана мен Тогус кентіндегі №120 мектептің ғимаратына орналастыру жоспарланған.
Бұған дейін Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Ауғанстаннан босқындардың келуі және оларды Шымкент пен Түркістан облысына орналастыру туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейтінін хабарлаған болатын. Сондай-ақ, министрлік Ауғанстан президенті Ашраф Ғанидің Қазақстанда жоқ екенін де мәлімдеді.
Қазақстан президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Қасым-Жомарт Тоқаев Ауғанстаннан келген босқындар туралы шешім қабылдамағанын айтты.
– Бұл тақырыптағы қауесет орынсыз. Көмек әлемдік ұйым басшылығының ресми өтініші болған жағдайда ғана БҰҰ қызметкерлеріне көрсетіледі, - деп жазды Берік Уәли Facebook-те.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық