Шымкент ауруханасында 26 адам жатыр: Бәріне оқ тиген
Фото: Orda.kz / Тәртіпсіздіктен кейінгі Шымкент қаласының нысаны
Шымкент қалалық №1 ауруханада 26 науқас жатыр, олардың барлығына оқ тиген. Бұл туралы Шымкент қаласы №1 аурухана басшысының бірінші орынбасары Мұхан Шыңғысханұлы Orda.kz журналисіне айтты.
Мұхан Шыңғысханұлы 5 қаңтарда болған тәртіпсіздіктерден кейін ауруханаға түскен азаматтар туралы ақпаратында науқастардың басым бөлігі жастар екенін жеткізді.
«26 науқас жатыр, оның екеуі әскери қызметші (біреуі келісімшарт негізінде жұмыс істейтін солдат, біреуі тәртіп сақшысы), қалғаны бейбіт тұрғын. Бәріне оқ тиген. Хәлі ауыр бір науқас жансақтау бөлімінде. Дүйсенбі 3 адам палатаға ауыстырылды. Әртүрлі оқтан жараланған, бейбіт тұрғындардың басым бөлігі жас балалар, ең үлкені 34 жаста. Сөздеріне қарағанда, алаңға жағдайды көруге барған» деді тілшіге берген сұхбатында.
Оның айтуынша, «травматология бөлімінде – 13, хирургияда – 9, нейрохирургияда – 3 адам және бет-жақ хирургиясы бөлімінде біреуі емделіп жатыр. Ота жасалатындар да бар. 10 қаңтар ауруханадан 4 науқас шығарылды.
Сонымен қатар, қалалық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Лаура Нахыпқызы қазір ауруханада құқық қорғау органының 2 қызметкері жатқанын растады. Оның бірі жауынгер, екіншісі полицей.
Басқарма ұсынған мәлімет бойынша, наразылық кезінде жалпы 120 адам медициналық көмекке жүгінген болса, оның 48-і қарулы күштер мен құқық қорғау органы өкілдері. Бүгін қалада 48 адам ауруханада жатыр, 5-і жан сақтау бөлімінде.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық