Шымкент әкімінің бұрынғы орынбасары Мақсұт Исаховқа үкім шықты
Шымкент қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары Мақсұт Исаховқа қатысты атышулы сот процесі аяқталды. Ол сегіз жыл бес айға бас бостандығынан айырылып, өмір бойына мемлекеттік қызметте қызмет атқаруға тыйым салынды.
Исахов жазасын орташа режимдегі колонияда өтейтін болады.
Экс-шенеунікке ҰҚК бірінші орынбасары Манап Сарбасовқа ірі көлемде пара берді деген айып тағылды. Тергеу бойынша 200 мың доллар үшін комитет мүшесі «Старт-Строй» ЖШС басшысы Жарқынбек Егізбаевтың арызымен әкімдік қызметкерлеріне қарсы қозғалған істі жабуы тиіс болған. Кәсіпкер шенеуніктің мемлекеттік сатып алу конкурсында жеңіске жеткені үшін одан ірі көлемде ақша талап еткенін алға тартты. Айтпақшы, прокуратура Шымкент қаласы әкімінің бұрынғы орынбасарына «қылмыстық құқық бұзушылық болмаған жағдайда» деген баппен мемлекеттік сатып алуда компанияның мүддесін лоббирлеуге қатысты айыптауды алып тастады.
Мақсұт Исахов сотқа дейінгі тергеу кезінде де, сот басталғалы да өзіне тағылған айыптардың барлығын жоққа шығарды. Оның сөзіне қарағанда, қорқытты деген күдікпен одан бастапқыда 500 мың доллар талап еткен ДҰҚК қызметкері Манап Сарбасов. Сарбасовтан тергеу изоляторында жауап алынды, өйткені оның үстінен қызметтік өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны үшін қылмыстық іс қозғалған.
Қорғаушы тарап барлық айыптар құқық бұзушылық жағдайын жасанды түрде пайдалану мақсатында қылмыстық іс жүргізу кодексі нормаларын бұза отырып алынған бұрмаланған материалдар мен дәлелдерге негізделгеніне сенімді.
Исаховтың адвокаты үкімге шағымданбақ.
Жаңалықтар
- Астанада Абай даңғылының бір бөлігі 20 сәуірге дейін жабылады
- Иран АҚШ-тың қарулы соғысына «логистикалық соғыспен» жауап беріп, стратегиялық тығырыққа тіреді
- Блогер Қайсар Қамза Вьетнамда ұсталды
- «Біреудің ала жібін аттап кеттім бе?» — Ерболат Жанәбіловтің сот алдындағы сөзі
- «Аспаннан түскен байдың баласы емеспін»: Ерболат Жанәбілов кінәсін ішінара мойындады
- Алдағы күндері Алматыда найзағай ойнап, Астанаға қар жауады
- Астанада өрттен үш бала опат болды: Құтқарушылардың жолын жапқан көлік жүргізушісі жазаланды
- ҰҚШҰ бас хатшысы Тоқаевқа алдағы жоспарын таныстырды
- Қазақстанның Корея мен Мьянмадағы елшілері тағайындалды
- Иранда өлім жазасына кесілгендер саны күрт артты
- Коронавирустың балаларға тез жұғатын жаңа штаммы пайда болды
- Венгрияда 16 жылдық билік құлады: Орбан неге жеңілді?
- Тоқаев Низар Амидиді Ирак Республикасының президенті болып сайлануымен құттықтады
- Бішкекте ҰҚК төрағасының бұрынғы орынбасары Даниэль Рысалиев ұсталды
- Бектенов көлік-транзиттік әлеуетті дамыту жөнінде жиын өткізді: Көлік министрлігі сынның астында қалды
- Шымкентте өткен автофестивальда әзілкешті көлік қағып кетті
- Қалжалау дәстүрі: Қырық күн күтімнің жаңа форматы қандай?
- Яна Легкодимованы өлтіргендер әлі ұстау изоляторында: Этаптау үшін ұлттық ұланның арнайы қарауылы сұралған
- Қостанайда қайғылы жол апатынан 4 адам ажал құшты
- Астанада жыл басынан бері жол ережесін 61 рет бұзған BMW жүргізушісі ұсталды