Шымкент әкімімен бірге өткен отырыста құрықталған шенеунік 9 жылға бас бостандығынан айырылды
Коллаж Orda.kz
Шымкент қаласы тұрғын үй басқармасы басшысының орынбасары Азат Момынов сейсмикалық қауіпсіздік жұмыстары деген желеумен бюджет қаражатын жымқырды деп айыпталды.
Жоғарғы соттың баспасөз қызметінің мәліметінше, Момынов 2023 жылы жеке кәсіпкермен бірге көпқабатты тұрғын үйлерді жөндеуге және сейсмотұрақтылығын тексеруге бөлінген 367 миллион теңгеден астам қаражатты ұрлау жолын ұйымдастырды.
Бұл іске қатысқан кәсіпкер мемлекеттік тендерлерді жеңіп алған жалған ЖШС арқылы қаражатты шығарып отырған. Ал жымқырылған қаражатты Момыновтың ата-анасының атына тіркелген монша кешенінің құрылысына инвестициялау арқылы «жылыстатқан».
Сот Азат Момыновтың мүлкін тәркілей отырып, тоғыз жылға бас бостандығынан айырды. Қылмысты мемлекеттік қызметте отырып, мемлекеттік қызметші антын бұзып жасағаны ауырлататын жағдайлардың бірі болды. Ұрлыққа қатысқан кәсіпкер сегіз жылға бас бостандығынан айырылды.
Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ. Азат Момынов 2024 жылдың ақпан айында Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековтың кеңесі кезінде ұсталды. Ұсталған сәттің видеосын әкім өз парақшасында жариялады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық