Шымкент: 15 жастағы оқушы жұмыс орнында көз жұмды
Шымкенттегі кафелердің бірінде жұмыс істеп жүрген 15 жастағы мектеп оқушысы қайтыс болды.
OTYRAR мәліметінше, Ақару Құралбай 9 сыныпты бітіріп, аттестат алған. Қыз демалысқа ақша жинап, анасына көмектескен.
– Мен оны мәйітханадан көргенімде, беті көгерген, құлағының артында қан, басында гематома болған, – дейді марқұмның анасы Бибіғайша Құттыбаева.
Қайғылы оқиға 3 шілде күні Шымкенттің ойын-сауық орталықтарының біріндегі кафеде болған. Алдымен туыстарына қоңырау шалып, жасөспірім электр тоғынан қайтыс болды деп мәлімдеген. Кейін жұмыс орны өлімге басқа нәрсе себеп болғанын айтты.
– Олардың айтуынша, таңертең Ақару келіп, аш қарынға энергетикалық сусын ішкен. Содан кейін оның жүрегі ауырып, құлап қалған. Бұл таңқаларлық жайт, бастапқыда бізге электр тоғынан көз жұмғаны туралы айтылды. Біз онымен бірге жұмыс істеген қыздан сұрадық. Ол әпкесінің басынан түтін шыққанын айтты, – дейді марқұмның ағасы.
Марқұмның туыстарының қолында сараптама қорытындысы бар, сарапшылар қыздың электр тоғынан қайтыс болғанын айтады. Сараптаманың негізгі қорытындысы 20 күннен кейін дайын болады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық