Шығыс Қазақстан облысының тұрғыны уақыт белдеуіне қатысты үкіметке қарсы шықты
Фото: Orda.kz
Астана қаласының ауданаралық азаматтық істер жөніндегі соты Өскемендік заңгер Серікжан Ахметжановтың Қазақстанда бірыңғай уақыт белдеуін енгізу мәселесі бойынша үкіметке қарсы берген талабын қарауды бастады, деп хабарлайды Orda.kz.
Өскемендік заңгер Серікжан Ахметжанов үкіметке қарсы берген талабын негіздей отырып, бірыңғай уақыт белдеуін енгізу туралы қаулы жобасын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобына Шығыс Қазақстан облысының бірде-бір өкілі кірмегенін мәлімдеді. Оның айтуынша, уақыт белдеуінің өзгерісі тікелей әсер еткен аймақ мүлдем ескерусіз қалған.
«Бұл қаулы қабылданғаннан кейін кей маусымда жарық күні ығысады. Сағат 15:00-ден кейін-ақ қараңғы түсе бастайды. Бұл дегеніміз, тиісті инфрақұрылым дайын болуы керек. Көшелердегі қауіпсіздік қамтамасыз етіліп, көше жарығы, үйлердің, ауруханалардың, балабақшалардың және басқа да әлеуметтік маңызы бар нысандардың жарықтандырылуы жолға қойылуы тиіс. Қараңғы ерте түседі, бірақ бұл уақытта белсенді өмір жалғасып жатады. Егер әкімдер бұл шешімді келісуге қатысса, олар «Келіңіздер, тағы да талқылап көрейік, біз бұған дайынбыз ба, жоқ па, қарастырайық» дер еді. Осылайша, бұл шешімге қандай да бір ықпал етуіміз мүмкін болар еді», – деді Серікжан Ахметжанов.
Сотта сөз сөйлеген Серікжан Ахметжанов жауапкер тараптың оның талап-арызына берген пікірін дәлел ретінде келтірді. Құжатта Денсаулық сақтау министрлігінің зерттеуіне сілтеме жасалған. Онда адамның табиғи биологиялық уақытына сәйкес келмейтін сағаттық белдеуде өмір сүруі денсаулыққа теріс әсер ететіні айтылған.
«Есептің ескертпесінде тек Шығыс Қазақстан облысы ғана бесінші сағаттық белдеуден шығысқа қарай, UTC+6 аумағында орналасқаны айтылған. Есеп авторларының пікірінше, тек бір өңір үшін жеке сағаттық белдеу енгізу тиімсіз, сондықтан ШҚО негізгі UTC+5 белдеуіне енгізілген. Яғни, бір абзацта олар сәйкес келмейтін сағаттық белдеуде өмір сүру адамның денсаулығына зиян екенін жазады, ал келесі абзацта ШҚО үшін дұрыс сағаттық белдеу енгізу тиімсіз деп көрсетеді», – деп назар аударды заңгер.
Серікжан Ахметжанов осындай көзқарас Конституцияның 14-бабын тікелей бұзу деп санайды, онда былай делінген,
«Ешкім де тегі, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайы, жынысы, нәсілі, ұлты, тілі, дінге көзқарасы, сенімдері, тұратын орны немесе басқа да жағдайлар бойынша қандай да бір кемсітушілікке ұшырауға тиіс емес».
«Осылайша, Қазақстан азаматтары денсаулыққа қолайлы жағдайларда өмір сүру құқығына ие, бірақ егер мен Өскеменде, Шығыс Қазақстан облысында тұрсам, мен сол құқықтарға ие емеспін, сәйкес уақыт белдеуінде өмір сүре алмаймын. Мен мұнда тікелей өзімді және біздің облыстың барлық тұрғындарын, осы өңірде тұруына байланысты кемсітушілікке ұшырап жатқанымыз деп санаймын. 2024 жылғы 1 қазан жағдайы бойынша Шығыс Қазақстан облысының халқы 724,8 мың адам болды», - деп мәлімдеді Серікжан Ахметжанов.
Сонымен қатар, заңгердің пікірінше, бұл қаулы тиісті сарапшы, ғалымдар, қоғамдық қайраткерлері және өңірлердің өкілдерімен алдын ала талқыланбай қабылданған. Ол атап өткендей, осылайша, бірегей уақыт белдеуін енгізу туралы қаулы Қазақстан Конституциясының 3-бабын да бұзады, онда биліктің көзі халық деп жазылған.
Заңгер қаулыны заңсыз деп танып, уақыт белдеуі мәселесін Қазақстан азаматтарымен бірге тиісті түрде зерттеп, талқылауды талап етуде.
Өткен күні AMANAT фракциясының жетекшісі Елнур Бейсенбаев депутаттар уақыт белдеуін өзгерту мәселесін зерттеуге 3 жыл жұмсауын орынсыз деп санайтынын және үкіметтің шешімдерін құрметтеу маңыздылығын түсіндірді.
Бірегей уақыт белдеуі Қазақстанда 2024 жылғы 1 наурызда енгізілді. 3 айдан кейін қазақстандықтар уақытты бұрынғы күйіне қайтару үшін петицияға 50 мың қол жинады. 13 маусымда мемлекеттік органдар мен сарапшылар петицияны ресми түрде қарауға алды, бірақ ақырында оны қабылдамады.
Жаңалықтар
- Алматының әл-Фараби даңғылында көлік жарысы тоқтар емес
- Украина Ресейдің мұнай инфрақұрылымына ауқымды соққы жасады
- Сот Қашаған операторларының ірі көлемдегі айыппұлға қатысты апелляциясын қанағаттандырмады
- Иран Ормуз бұғазының қайта жабылғанын мәлімдеді
- Шымкентте ЖОО-ның 320 миллионын жымқырған сегіз адам сотталды
- Алаяқтар қасиетті сапарға да қол сұғып, 17 қажының ақшасын қалтаға басқан
- «Әскер барысы – 2026» турнирінің жеңімпазы анықталды
- Жолда қарсы келе жатқан екі жүк көлігінің арасынан саспай өткен ақтөбелік ғаламтор жұлдызына айналды
- Дропперлер қылмыстық жауапкершілікке тартылады
- Қазақстанда энергетикалық қауіпсіздік күшейтіліп, кемінде үш АЭС салынады
- Баян Алагөзова: «Қыз Жібектің» қамзолы 50 жыл ешкімге керек болмады
- Тоқаев Анталиядағы дипломатиялық форумда не айтты?
- Ормуз ашылды, бірақ қысым сақталады: Иран, Трамп және мұнай нарығы қалай өзгерді?
- Тоқаев БҰҰ-ды реформалау мәселесіне жауапкершілікпен қарау керегін айтты
- Министрлік Баян Алагөзованың «Қыз Жібек» фильміндегі киімге қатысты жариялаған жазбасына пікір білдірді
- АҚШ Сириядан өз әскерін толық шығарды
- Ақтөбе облысында 2 апта бұрын жоғалған 10 жастағы баланың денесі табылды
- Алматыда екі автобус соқтығысты, жарақат алғандар бар
- Әділет Алмат Азия чемпионы атанып, 4 жыл үзілістен кейін елге дзюдодан алтын әкелді
- Ливан Израиль бітімді бұзғанын мәлімдеді