Шығыс Қазақстан облысында екі бала қаза бола жаздады
Шығыс Қазақстан облысында екі жасөспірім көмірқышқыл газынан уланды. Оған себеп пештің дұрыс жұмыс істемеуі.
Оқиға Ұлан ауданы Восточное ауылындағы тұрғын үйде болған. 11 және 14 жастағы екі кәмелетке толмаған бала уланған.
«Олар пеш мұржасының уақтылы тазаланбауынан уланған. Биыл Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері осы үйдің иелерімен пешті жылытуды қауіпсіз пайдалану ережелері бойынша нұсқаулық жүргізген» деп хабарлады облыстық ТЖД.
Басқарма сақтық танытып, мұндай жағдайлардың алдын алу керектігін тағы да еске салды. Көміртек тотығымен уланудың негізгі себептері:
• жабық пеш клапаны,
• от жанатын ауаның жеткіліксіздігі,
• нашар тарту,
• пеш құрылымындағы тесіктер,
• бітелген мұржа.
«Пешіңізге қарап жүріңіз. Оны жақсы жағдайда ұстаңыз, мұржаларды уақытында тазалаңыз және тесіктерді жабыңыз. Пешті жағу кезінде балаларды үйде жалғыз қалдырмаңыздар» деп ескертті департаменттегілер.
Жақында Шымкентте қайғылы оқиға орын алды – бес адамнан тұратын тұтас бір отбасы қаза тапты. Болжам бойынша, олардың барлығы жеке үйдегі көмірқышқыл газынан уланған. 11, 15 және 16 жастағы балалар ата-аналарымен бірге қайтыс болды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық