Шығыс Қазақстанда таудағы өрт сөндірілуде

cover

2023 жылғы 18 шілдеде Қатонқарағай ауданында Берел орман шаруашылығы аумағында 1700 метр биіктікте шамамен 2,5 га.аумақта жайдақ өскен ағаштар өртенді.

ТЖМ баспасөз қызметі хабарлағандай, жедел түрде Қазавиаорманкүзетінің МИ-2 тікұшағы шығып, орманшылар мен өрт сөндірушілерді жеткізді. Елді мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ.

Өртті сөндіруге 67 орманшы мен өрт сөндіруші, 6 бірлік техника, «Қазавиаорманкүзеті» ММ МИ-2 және ШҚО авиациялық бөлімшесінің МИ-8 тікұшақтары қатысты.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар