«Шыдам шегіне жетті»: Ринат Зайытов ЛГБТ-ны насихаттауға тыйым салуды талап етті
Фото: Бейнежазбадан кадр
Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов премьер-министр Олжас Бектеновтің атына ел аумағында феминита қауымдастығына шектеу қойып, ЛГБТ-ны насихаттауға толықтай тыйым салу туралы депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды Orda.kz.
Оның айтуынша, оның шыдамы шегіне жетіп, төзімі әбден таусылған.
«Бүгінгі жолданатын сауал – шегіне жеткен шыдамның, тапталудан төзімі таусылған намыстың ащы дауысы деп түсініңіздер. Қазақстан мемлекеті тәуелсіздік алғалы есігінен доc та, дұшпан да еркін кіре бастады. Ол жасырын емес. Доспен табысып, бауырымыз бүтінделді деп қуанғанымызбен, арам пиғылдарын іске асыруға келген дұшпандар, жанымызды ауыртып, жүрегімізді жұлуға сәл қалып тұр. Солардың бірегейі қазақ жастарын азғындатып, болашағымыздың тамырына балта шапқысы келетін әлемдік деңгейдегі жауыз ұйым – ЛГБТ мен феминита қауымдастығы», - деді депутат Ринат.
Яғни, Зайытовтың пайымынша, бұл ұйым өкілдері қазір өңірлерді аралап, Алматыда құрылтай өткізуді жоспарлап отыр.
«Азғана уақытта жастарымызды азғындыққа жетектеген жексұрын ұйымдар бүгінде мемлекеттің әрекетсіздігінен әбден басқа шауып, төске өрледі. Өйткені, аталған ұйым өңірлерді аралап, кәмелетке толмаған ұл-қыздарымызға өз насихаттарын ашық жүргізгенде де, Алматының көшелерінде өрімдей жастарды жинап алып митинг өткізгенде де, ашық сұқбаттарда басқасын былай қойып тіпті, 2 аптада 50 мыңнан астам қол жинаған Бағила Балғабаеваның бастамасымен жазылған петицияға да дабыл қағып әрқайсысына 11 Мәжіліс депутаты қол қойып, сауал жолдағанда да құқық қорғау органдары саусақ қозғалтқан жоқ. Осыдан кейін еш жазаға тартылмасына көзі жеткен азғындар күні кеше Алматыда Құрылтай өткізетінін ашық хабарлады. Әлмисақтан ел мен жердің, ұлыс пен ұлттың тағдыры талқыланатын құрылтай деген қастерлі ұғымды осынша төмендеткенде біз неге қарап қалуымыз керек?! Мемлекет басшысының өзі үйлестірген еліміздің Ұлттық Құрылтайының маңызы мен мағынасына нұқсан келтіретін бұл феминита азғындарына неге тоқтау жоқ?! Олардың артында кім тұр, оларға қаржы бөлетін кімдер және олардың көздеген түп мақсаты не?», - дейді сауал тастаған Зайытов.
Депутаттың пікірінше, құқық қорғау органдары бұл мәселеде қол қусырып отыр.
«Малғұннан асқан мыстан жоқ, Азғыннан асқан дұшпан жоқ», – екенін естеріңізге тағы салайын ендеше. Құрметті Олжас Абайұлы! Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, Сізден Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 18 ақпандағы «Экстремизмге қарсы іс-қимыл туралы» № 31 Заңының 1 бабына сәйкес феминита қауымдастығына Қазақстан Республикасы аумағында шектеу қоюды және ЛГБТ-ны насихаттауға толықтай тыйым салуларыңызды талап етеміз», - деді депутат сөзін аяқтай отырып.
Жаңалықтар
- Қазақстандық боксшы Санжар Тәшкенбай әлем кубогында топ жарды
- Ақтөбеде қатты дауыл үйлердің шатырын ұшырып, жабындыларды жұлып алды
- Берлин жұрты Шпрее өзенінде шомылуға салынған 101 жылдық тыйымға қарсы шықты
- Қазақстан – сенімді одақтасымыз: Мемлекет басшысы Саида Мирзиёеваны қабылдады
- Қылмыстық жауапкершілік 12 жастан: Еуроодақ елдерінде жасөспірімдерге жаза қатаймақ
- Ақмола облысында полиция заңсыз айналымнан 30 миллион теңгенің синтетикалық есірткісін тәркіледі
- Ормуз дауы: АҚШ пен Иран арасындағы келіссөз 21 маусымда Швейцарияда өтеді
- Назым Қызайбай Қытайда өткен бокстан Әлем кубогында алтын медаль жеңіп алды
- Кураторлары шетелде: 105 келіден асатын есірткіні көлік дөңгелегіне жасырған ҰҚТ ұсталды
- Әлем чемпионаты: Нидерланд Швецияны 5:1 есебімен ұтты
- Қазақстан Ауғанстанға бидайдан бастап жасанды интеллектке дейін апарды
- Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан Бішкекте энергетикалық жүйе мәселелерін талқылады
- Алматыдағы заңсыз салынған «Береке» базары бұзылды
- Таразда түрмеге жасырын камерасы бар көзілдірік өткізбек болған
- Ақтөбедегі көлік өртеніп, үш адам қаза тапқан оқиғаға қатысты газ құю бекетінің иесі ұсталды
- Әміре Қашаубаевтың дауысы жазылған сирек пластинка Бұқар жырау атындағы мұражайда сақтаулы
- Министрлік: Декреттегі аналардың курьер болып нәпақа табуы әлеуметтік төлемдерден айыруға себеп емес
- Гашиш контрабандасымен айналысып, қашып жүрген әйел Қырғызстаннан экстрадицияланды
- ЖИ мамандары алғаш рет «Болашақ» бағдарламасы бойынша тағылымдамадан өтеді
- Интерпол іздеген: Instagram арқылы жұртты алдаған ер адам Түркиядан Қазақстанға жеткізілді