Шыңжаңдағы жақындарын қайтаруды талап еткендерге айыппұл салынды
Нұр-Сұлтан соты Қытай елшілігі алдында туыстарын қайтаруды талап етеміз деп қамауға алынған оншақты адамға «Бейбіт митинг өткізу заңын бұзу» (Әкімшілік кодекстің 488-бабы, 6-бөлімі) бойынша айыппұл салды.
Бұл туралы Orda.kz қалалық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.
Елшілік алдына топтасқан Халида Ақытханға 30 айлық есептік көрсеткіш (87,5 мың теңге немесе 206 доллар), Жәмила Мәкенге, Гүлбаран Өмірәліге, Байболат Күнболатұлына, Гүлнұр Қосдәулетке, Алмахан Мырзанға, Нұрзат Ермекбайға, Гүлпиям Қазыбекке, Ақиқат Қалиоллаға 50 айлық есептік көрсеткіш көлемінде (145 мң теңге немесе 340 доллар) айыппұл салынды.
Бұл туралы 24 қыркүйекте қалалық соттың баспасөз қызметі хабарлады.
Баспасөз қызметі сот Халида Ақытханға, Жәмила Мәкенге, Ақиқат Қалиоллаға жеңілдік жасап, айыппұл көлемін 30 пайызға қысқартқанын мәлімдеді. Оларға тағылған айып «бейбіт жиын өткізу тәртібін бұзу» (Әкімшілік кодекстің 488-бабы, 6-бөлімі) болып отыр.
Алматы қаласында Шыңжаңдағы туыстарын қайтаруды талап етіп жүргендер апта басында Нұр-Сұлтанға келген. Олар осы наразылық акциясын ақпан айында Алматыда бастаған болатын. Олар 200 күн бойы, күн сайын Алматыдағы Қытай консулдығы алдында Шыңжаңдағы туыстарын Қазақстанға жіберуді сұраған. Олар жеті айдан астам бері, қона-түней жүріп акция өткізсе де Қытай консулдығынан ешқандай жауап болмағанын айтады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық