Шыңжаң қазағы Ерсін Еркінұлы қамаудан босатылды
7 желтоқсанда Шыңжаң қазағы Ерсін Еркінұлы қамаудан босатылды. Естеріңізде болса, ол қазан айында "шекараны заңсыз кесіп өтпек болды" деген айыппен Украинада ұсталған болатын.
Ерсіннің сөзінше, дүйсенбі күні Львов соты оның апелляциялық шағымын қараған. "Право на защиту" ұйымы адвокатының айтуынша, оған елден шығару туралы сот шешімі шыққан. Алайда ол бірінші инстанциядағы осы шешімге шағым түсіріп, сот Ерсіннің өтінішін қанағаттандырған.
"Босқын мәртебесін сұрағандықтан мені осында босқындар лагеріне жіберуі де мүмкін еді, бірақ мен өзім шағымданып жатып, қамаудан шықтым. Мен украин, орыс тілін білмеймін. Сондықтан да осында тіл меңгеруді қолға алатын шығармын", - деді Еркінұлы.
Босқын мәртебесін сұрау туралы өтінішті Украина билігі бір жыл аралығында қарайды.
«23 жастағы Ерсін Еркінұлы осыған дейін өзін Қытайға депортациялауы мүмкін екенін айтып, БАҚ-тан көмек сұраған. "Қытайға қайтсам, мені түрме мен азап, қорлық, өлім күтіп тұр. Сондықтан мені Қазақстанға алып кетіңіздерші», - деген еді видеомәлімдемеде Ерсін.
Қазақстан азаматтығын ала алмаған қандасымыз Түркияға онан әрі Еуропаға өтіп, Киевтің Борисполь әуежайына келгенде құжаттарын жоғалтып, артынша украин шекарашыларының қолына түскен. Оған Львов облысында "шекараны заңсыз кесіп өтпек болғаны үшін" деген айып тағылып, айыппұл салынған.
Қытайдағы қысымға шыдамай Шыңжаң аймағынан бірнеше этникалық қазақ қашып келген.
БҰҰ-ның есебінше, 2017 жылдан бастап Шыңжаңда тұратын бір миллионға жуық ұйғыр, қазақ, қырғыз және басқа да мұсылман "қайта саяси тәрбиелеу" лагерьлеріне қамалған. Куәгерлер ол лагерьлерде азаптау, қысым жасау, зорлық-зомбылық, мәжбүрлі түрде жұмыс істету сияқты адам құқығын өрескел бұзу фактілері барын айтады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық