Шығыс Қазақстанда жаңа туған нәресте ауруханада көз жұмды
Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданындағы ауруханада жаңа туған нәресте көз жұмды.
Ақпаратты Шығыс Қазақстан облысының полиция департаменті растап, баланың өліміне қатысты сотқа дейінгі тергеу басталғанын айтты.
«4 қарашада Шемонаиха АІІБ ШҚО Шемонаиха аудандық АІІБ-нің ШЖҚ КГП қызметкерлеріне қатысты абайсызда баланың өліміне әкеп соққан медициналық қызметкерлердің кәсіби міндеттерін тиісінше орындамауы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады» деп хабарлады ШҚО ІІД баспасөз қызметі.
Сондай-ақ департамент қазіргі уақытта қажетті сот-медициналық сараптамалар тағайындалғанын, «істің мән-жайын тергеудің жан-жақтылығын, толықтығын және объективтілігін қамтамасыз ету бойынша тергеу әрекеттері жүргізіліп жатқанын» атап өтті.
Полицейлер қайғылы оқиғаның 2 қарашада болғанын айтты. Бала өлі туылған. Сәбидің ата-анасы полицияға хабарласпаған. Бұл іспен Шемонаиха аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлері жұртшылыққа мәлім болған соң айналыса бастаған.
Алайда қайғы жұтқан отбасы дәрігердің жоқтығын және баланың денесі өлімнің себебін анықтау үшін сараптаманы 2 күн күтіп жатып қалғанын алға тартты. Салдарынан олар нәрестенің неден көз жұмғанын біле алмай отыр.
Еске салсақ, мұндай қайғылы оқиға Шығыс Қазақстан облысында бірінші рет болып отырған жоқ. Үш апта бұрын Өскемендегі Ана мен бала орталығында босанған әйел Айжан Мержақыпова құрсағындағы баласымен бірге бақилық болған. Олардың өліміне туыстары дәрігерлерді кінәлап отыр.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық