Шығыс Қазақстанда полицейдің қатысуымен болған жол апаты бойынша іс жабылды
Өскеменде полицейдің қатысуымен болған жол апаты бойынша іс тоқтатылды.
Еске салсақ, 12 қарашада Өскемендегі Үлбі көпірінде жол апаты қоғам ішінде резонанс тудырған. Lexus көлігін тізгіндеген полицей бірнеше жолаушысы бар автобусқа барып соғылған. Куәгерлердің айтуынша, полицей мас болған. Ол көліктен теңселіп шыққан.
Артынша Шығыс Қазақстан облысының полиция департаменті бірнеше жолаушы мен екі жүргізушінің де зардап шеккенін хабарлаған. Полицейдің миы шайқалған.
Сараптама полицейдің сау болғанын анықтады. Ол рөлде ұйықтап кетіп, жол апатына түскен. Ресми ақпарат бойынша, ол кезекшіліктен қайтып келе жатқан.
Нәтижесінде жол талғамайтын көлік жүргізушісіне қатысты сотқа дейінгі тергеу тоқтатылғаны белгілі болды.
«Шығыс Қазақстан облысының полиция департаменті Қылмыстық кодекстің 345-бабының 1-бөлігінде көзделген құқық бұзушылық белгілері бойынша қылмыстық іс қозғады. Сотқа дейінгі тексеру аясында жәбірленушілердің жазбаша бас тартуына қарамастан, сот-медициналық сараптамасы жеті жолаушыға қатысты сараптама тағайындалып, жүргізілді. Сараптама қорытындысы бойынша зардап шеккендердің барлығының денсаулығына жеңіл зиян келгені анықталды. Lexus жүргізушісіне қатысты химиялық-биологиялық сараптама жүргізілді. Нәтижесі бойынша алкогольдік және есірткілік заттарды қолдану фактісі анықталмаған. Бүгінгі күні Lexus жүргізушісіне қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру материалы бойынша іс қылмыстық құқық бұзушылықтың болмауына байланысты тоқтатылды» деп түсіндірді полицияда.
Алайда, ер адам ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабының 2-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Яғни, 40 АЕК көлемінде айыппұл салу немесе тоғыз айға дейін көлік құралын басқару құқығынан айыру қаупі бар.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық