Шығыс Қазақстанда әкім туралы зерттеу жүргізген журналист үндеу жасады
55 жастағы зерттеуші-журналист Серік Уәлиханов Қазақстаннан бес жылға шығарылды. Ол өзінің депортациялануын кәсіби қызметпен байланыстырады.
Бұл туралы Orda.kz хабарлады.
Депортацияланған - журналистік тәуелсіз зерттеу жүргізетін «Адал» баспасөз медиа орталығының бас редакторы және журналистердің еркін қызметін қорғауға арналған Қазақстандық медиа альянстың өкілдігінің басшысы.

Серік Уәлиханов Қазақстанда жарты ғасыр өмір сүрді, бес жыл бұрын Ресей паспортын алды. Азаматтықтың өзгеруі «отбасылық жағдайлармен» түсіндіріледі. Қазір Семейде қарт анасы қалған.
Құжат бойынша Уәлиханов жол қозғалысы ережесін бұзғаны, жүргізуші куәлігі мен тіркеу куәлігінің мерзімі өткені үшін елден шығарылды.
- Бұл қаншалықты әлеуметтік қауіпті екенін білмеймін. Олар мені тоқтатқан кезде, мен оқиғаның осылай дамитынын болжағанмын. Мен үш күн бойы кеңсе алдында ашық бақылауда болдым. Сырттан байқамау мүмкін емес. Бұған қоса, таныс полицейлер мені сылтау тауып, кез келген бап бойынша жазаға тарту үшін бұйрық шығарылғанын ескертті, - дейді журналист.
Уәлиханов жер аударуды Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовке қатысты сыни материалдарымен байланыстырады. Журналист Қасым-Жомарт Тоқаевтан жағдайды жеке бақылауына алуды сұрайды.
- Мені елден қуып жіберу Шығыс Қазақстан облысы әкімінің сыбайлас жемқорлық, сауда мүдделерін көздейді деп ойлаймын. Мен оны кәсіби тұрғыда елемей өте алмадым. Менің ойымша, халықтың ақшасын ысырап етудің мән-жайын ашу журналистердің басты міндеттерінің бірі. Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі жүргізіп жатқан журналистикаға қарсы күрес мемлекеттің беделіне орасан зор зиян келтіреді, - деп санайды депортацияланған азамат.
Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовке Серік Уәлихановты елден депортациялауға қатысы бар ма деген сұраққа жауап беру үшін ресми журналистік сауал жолданды. Әкімнің жауабы түскен бойда жарияланады.
Авторы: Махамбет Абжан
Аударған: Айнура Дарибаева
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық