Шығыс Қазақстанда 6 жасар қызды ит талап кетті
Шығыс Қазақстан облысы Лесхоз ауылында 6 жасар қызды иттер талап өлтірді. Марқұмның анасы баласына ит емес, қасқыр шабуыл жасауы мүмкіндігін жоққа шығармайды.
YK-news.kz сайтының хабарлауынша, 18 желтоқсанда марқұм қыз Маша жеті жасқа толған. Қайғылы күні ол көшеде ойнап жүрген.
– Мен оған «үйден алыстап кетпе, қазір келгенде торт пісіреміз» дегенмін. Бірнеше минуттан кейін Маша қолғабын ауыстыруға келді де, қайтадан көшеге кетті. Мен үйдің ішін тазалап, баламды ұйықтатып жатқанмын.
Терезеден Машаға қарадым - ол біздің Шерхан деген итпен ойнап жүр екен. Содан кейін мен Машаны шақырып, кілемдерді қағып, үйге кіріп кеттім. Балам ұйқысынан оянып кетті. Мен оны тербетіп, терезеге қарадым. Маша иттің жанында бір түрлі болып жатыр.
Мен жалаң аяқ далаға шығып, оған қарай жүгіріп бардым. Ол тайып, құлап, басын соғып, есінен танып қалды деп ойладым. Жүгіріп барасам, онда...» деп еске алды марқұм қыздың анасы Дарья Орлова көзіне жас алып.
Қыздың комбинезоны жыртылып, қанға боялған. Бірақ ең сорақысы баланың тізесінен төмен аяғы жұлынып кеткен.
«Мен оны ұстап алып, сілкіп, «Маша! Маша!» деп айқайладым. Ол әлі жылы еді... Қалайша? Мен иттің үргенін немесе айқайлаған дауысты естімедім».
Адамдар жүгіріп келді, полиция келді. Айтпақшы, Орловтардың көршілері де баланың айғайлап, көмекке шақырғанын естімегендерін айтты.
– Онда 40 полицей болды. Олар барлық іздерді таптап, баланың аяғын таба алмады. 18 желтоқсан күні иттер аяғын сүйреп кеткен көрінеді, сол жерде екі қанды дақ қалған. Мен іздерді іздей бастадым, сүйектерді таптым. Содан кейін Шерханға Машаның шұлығын иіскеттім, ит мені жол жиегіне аяқ жатқан жерге апарды, - деп еске алды марқұм қыздың анасы.
Ит не қасқыр талады
Әйелдің айтуынша, тәртіп сақшыларының күдігі Шерханға түскен.
– Бізде екі ит бар. Саманта, ол шынжырда отырады және Шерхан. Қартайған, әлсіреген, байлаудан босатып жібердік. Ол олай істей алмайды! Ит тым әлсіз, ешқашан агрессия көрсетпеген және балалармен ойнамайды, - дейді Дарья.
Әйелдің айтуынша, олардың тұрғын ауданында шынымен де ит көп.
«Балама біреудің иті немесе жабайы аң шабуыл жасады деп ойлаймын. Біз жақта алабайларды асырап, оларды жарысқа қатыстыратындар да бар. Олар иттерді шайқасқа жіберер алдында екі-үш күн аш ұстайды. Ондай ит босап кетсе, одан не күтуге болады? Қаңғыбас иттер шығар, не қасқыр болуы мүмкін. Жақында біздің ауылдың бір тұрғыны қараңғыда қасқырды көріп қалған».
Орловтардың үйі қала сыртындағы ауданның шетінде орналасқан. Ауланың артқы жағында қоршау жоқ.
«Бізге әлі сараптамалық қорытынды берілген жоқ», - деп қосты Дарья. Әлеуметтік желіде ақпарат таратпасақ, баланы кеше жерлейтін едік. Кеше олар біздің иттерді өлтірмекші болды, рұқсат бермедік».
Енді Машаның анасы 119-бап «Қауіпті жағдайда қалдыру» бойынша жауапқа тартылуы мүмкін.
Еске салсақ, 17 желтоқсанда Лесхоз ауылында 6 жасар қызды ит талап кеткен. Бала оқиға орнында көз жұмды. Полиция тергеу жүргізіп жатыр.
Жануарларды қорғаушылардың айтуынша, Өскемендегі қайғылы оқиғадан кейін олар үй жануарларын атуға кіріскен.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық