Швейцарияның ең көне банктерінің бірі Гүлнәр Кәрімованың ісіне қатысты ақшаны жылыстатты деп айыпталды
Өзбекстанның марқұм президенті Ислам Кәрімовтің қызы Гүлнәр Кәрімова Швейцариядағы ең көне банктердің бірі - Lombard Odier арқылы ақшаны жылыстатуы мүмкін, деп хабарлайды Orda.kz Reuters агенттігіне сілтеме жасап.
Швейцария прокурорлары банк пен оның бұрынғы қызметкерлерінің біріне қарсы айып тақты. Прокурорлардың айтуынша, ақша Lombard Odier-те ашылған тоғыз банк шоты арқылы ережелерді бұза отырып аударылған. Бұл қаражат Кәрімова қатысқан қылмыстық ұйыммен байланысты.
Гүлнәр Кәрімова қазір Өзбекстанда түрмеде жазасын өтеп жатыр. Ол бірнеше елдерде, соның ішінде Швейцарияда ұрлық, бопсалау және қылмыстық желі құрды деп айыпталған. Банк өз кезегінде барлық айыптауларды «негізсіз әрі дәлелсіз» деп жоққа шығарды.
Прокуратура банк қызметіне бақылауды күшейткенде ауқымды қылмыстың алдын алуға болар еді деп есептейді.
Бұған дейін Швейцарияда Өзбекстанның экс-президентінің қызына ақша жылыстатқаны үшін айып тағылғаны хабарланған болатын. Швейцарияның бас прокуратурасы Гүлнәр Кәрімова мен оның сыбайластарына қарсы айыптау актісін сотқа жолдап, 480 миллион доллар тәркілеуді талап етті.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық