Швейцариялық банкте Назарбаевтар әулеті шотынан 5 млрд 150 млн доллар табылды
Швейцариялық Credit Suisse банкінің деректері таралуы кезінде Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаев әулетінің осы банктегі қаражаты туралы белгілі болды.
Бұл туралы OCCRP хабарлайды.
Назарбаевтың ортаншы қызы Динара Құлыбаева мен оның күйеуі Тимур Құлыбаевтың Credit Suisse-те 2008-2012 жылдар аралығында есепшоттары болған. Осы уақыт ішінде олардың есепшоттарында шамамен 5 миллиард доллар болды.
Қазақстанның экс-президентінің үлкен қызы Дариға Назарбаеваның 2008-2012 жылдар аралығында жалпы сомасы 150 миллион доллар болатын алты шоты болған.
Жалпы алғанда, Credit Suisse банкінің Назарбаев әулеті 5 миллиард 150 миллион доллары болған.
Қазақстанның қазіргі президентінің отбасы әлдеқайда аз – Тимур Тоқаев пен оның анасы Надежданың Credit Suisse банкіндегі шоттарында 1998-2011 жылдар аралығында 5 миллион доллары болған. Президенттің қарындасы Қарлыға Ізбастинаның есепшоттарында 7 миллион доллар болған.
- «Credit Suisse құпиялары» – швейцариялық ең ірі Credit Suisse банкінің есепшоттары туралы мәліметтің сыртқа шығып кетуіне байланысты құрылған трансшекаралық журналистік зерттеу жобасы.
Бұл деректерді аноним дереккөз немістің Süddeutsche Zeitung газетіне жеткізген, олар мұны OCCRP және басқа елдердегі 46 серіктес медиаға таратты. Бес құрлықтағы журналистер банк файлдарын зерттеп, инсайдерлермен, тергеу органы қызметкерлерімен сөйлесіп, алынған қорытынды нәтижелерді сот жазбасы мен қаржылық есептер арқылы тексеріп шықты. Тарап кеткен ақпаратта 1940 жылдан бастап, 2010 жылдардың орта тұсына дейін ашылған 18 мың есепшот туралы деректер бар. Бұл есепшоттардағы жалпы қаржы көлемі жүз миллиард доллардан асады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық