Швейцария прокуратурасы Динара Құлыбаеваның ісіне қызығушылық танытты
Коллаж: Orda.kz
Женева прокуратурасы Назарбаевтың қызы Динара Құлбаеваның 2019-2020 жылдары жылжымайтын мүлік бойынша жасаған мәмілелерін тексеру үстінде. Қылмыстық тергеу жүргізілуде, ал Құлыбаеваның адвокаты барлық ақшаның таза екенін айтты, деп хабарлайды Orda.kz.
Швейцариялық Le Temps басылымының мәліметінше, Назарбаевтың қызы 126 млн франкқа (Қазіргі бағам бойынша 69 млрд 724 млн теңге) 3 нысанды сатып алған. Женевалық прокуратура ол ақшаның қайдан пайда болғаны туралы тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Швейцарияның Intesa Sanpaolo банкі олардың қайдан шыққанына сенімсіздік білдірді.
«Динара Құлыбаева әдемі жылжымайтын мүлікті жақсы көреді. Қазақстанның бұрынғы президентінің 56 жастағы қызы 2009 жылы Аньерде 74,7 миллион франкқа сәнді сарай сатып алды. бұл Женева үшін рекордтық сома. Он жылдан кейін Швейцарияда тұруға рұқсат алғаннан кейін ол 126 миллион франкқа басқа жылжымайтын мүлік сатып алды», деп мәлімдеді Le Temps.
Динара Құлыбаеваның Швейцарияда сатып алған нысандардың бірі — 1666 жылы Савой Герцогы Карл-Эммануэль II үшін салынған Белрив қамалы. Мәміле 2022 жылы өтіп, Назарбаевтың қызына 106 млн франкқа (58,6 млрд теңге) шығынданды. 2023 жылдан бастап Белрив алғашқы кезектегі мәдени мұра тізіміне енді. Динара Құлыбаева сараймен бірге Женева көлінің жағасындағы көршілес жер учаскесін 44 миллион франкке сатып алды. Қазір онда montes Alti қайырымдылық қорының штаб-пәтері орналасқан.
Жалпы алғанда, 2019 жылдың тамызынан 2020 жылдың шілдесіне дейін Құлыбаева Женева маңында 62 мың шаршы метр элиталық жылжымайтын мүлік сатып алды. Бастапқыда бұл сатып алулар Швейцария билігіне күдік тудырмады. Бірақ қазір жағдай өзгерді. Женева прокуратурасы швейцариялық журналистерге қылмыстық іс бойынша тергеу жүргізіп жатқанын растадыОл айыпталушылардың есімдерін де, күдік мәнін де нақтыламады.
Динара Құлыбаеваның адвокаты өзінің клиенті прокуратурамен егжей-тегжейлі ақпаратпен бөліскенін, бірақ сонымен бірге ешқандай мәліметтерді ашпағанын айтты. Заңгер Назарбаевтың қызының қолына өткен Белрив қамалын қалпына келтіру Швейцария мәдени мұрасын сақтаудағы ауқымды жоба екенін айтты. Құлыбаева ханым элиталық объектілерді сатып алу үшін пайдаланған қаражаттың заңдылығын швейцариялық банктер мен қадағалау органдары (соның ішінде Қазақстан мен Лондонда) бірнеше рет мұқият тексерді.
REYL Intesa Sanpaolo банкі құқық қорғау органдарымен тұрақты ынтымақтастық туралы кезекті мәлімдемемен шектеліп, егжей-тегжейлі түсініктеме бермеді.
Динара Құлыбаеваның осы ісі бойынша Швейцария прокуратурасы зерттеу жұмыстарын жүргізіп жатыр, әзірге ешқандай айып тақпады. Бірақ Le Тemps журналистері осы тергеудің кейбір мәліметтерін айтып жатыр.
«Біздің ақпаратымыз бойынша, қылмыстық іс жүргізу Женевадағы REYL Intesa Sanpaolo банкіндегі Динара Құлыбаеваның жеке шотына аударған шамамен 150 миллион франкқа қатысты. Бұл аударым тікелей немесе жанама түрде Қазақстандағы банктердің бірі арқылы жіберілді», деп мәлімдеді Le temps.
Швейцарияның қаржы мониторингі жөніндегі мемлекеттік ведомствосы «тәуекелі бар елдерге», сондай-ақ саяси байланысы бар адамдарға қатысты мәмілелерге ерекше қызығушылық танытады. Динара Құлыбаеваның жылжымайтын мүлікті сатып алуы осы екі өлшемге де сәйкес келеді.бірақ швейцариялық журналистер оның шамамен бір жарым жыл бұрын басталғанын айтады.
2010 жылы Швейцария прокуратурасы Тимур Құлыбаевқа қызығушылық танытты, бірақ үш жылдан кейін оған қатысты тергеу тоқтатылды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық