Швейцария халқы қоғамдық орында бетті бүркемелеп жүруге қарсы дауыс берді
Жексенбі күні Швейцарияда өткен референдумға қатысқандардың көпшілігі қоғамдық орындарда адамның бет-жүзін бүркемелейтін киіммен жүруге тыйым салуды қолдап дауыс берген.
SFR телерадиокорпорациясы мен Tagesanzeiger басылымдары хабарлағандай, бұл Швейцария конфедерациясының 26 кантоны тұрғындарының 51 пайыздан астамы қолдайтын тыйым болып отыр. Әлеуметтанушылар дауыс берудің түпкілікті қорытындысы алдын ала есептеу нәтижесінен аса алшақ болмайды деген болжамды алға тартуда.
Жаппай діни шарадан тыс кездерде қоғамдық орындарда адамның бет-жүзін көлегейлеп, көрсетпейтін заттармен жауып жүруіне тыйым салуды Швейцария халық партиясының оңшыл қанаты депутаттары көтерген.
Швейцария конфедерациясы конституциясында қоғамдық орында қандай киіммен жүруге болатыны туралы референдум қорытындысы ресми түрде бекітілгеннен кейін жазылатын болды.
2018 жылғы мәлімет бойынша Швейцарияда 8,6 миллион халық бар. Тұрғындарының 5,3 пайызы ислам дінін ұстанады екен.
Елде демократиялық жүйесі аясында референдумдар мен бүкілхалықтың дауыс беру бірнеше ай сайын өтіп тұрады. 100 мың адамның қолдауын тапқан кез келген мәселені дауысқа қоя алады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық