«Шұңқырға құлаған бала»: Шымкентте Қаратау ауданының әкімі қызметінен қуылды
Фото: Бейнеден кадр
Шымкент қаласының Қаратау ауданының әкімі Рахманбек Мүлкеманов қызметінен босады, деп хабарлайды Orda.kz.
Аудан әкімінің жұмыстан кетуіне қараусыз қалған шұңқырға құлаған баланың өлімі себеп болды. Аудан әкімін қала әкімінің өзі лауазымынан босатты.
«Аудан әкімі қызметтен босатылды. Энергетика басқармасының басшысы қатаң сөгіс алды, осы салаға жетекшілік ететін әкімнің орынбасары да сөгіс алды», – деді Шымкент әкімдігінің ресми өкілі Сәрсен Құранбек.
Қаратау ауданының әкімі лауазымына Алмас Абаев тағайындалды. Абаевтың кандидатурасын Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков ұсынды. Бұған дейін Алмас Абаев Шымкент әкімдігінің мемлекеттік сатып алу басқармасын басқарған.
Еске салайық, 12 сәуір күні Шымкентте Тұран-1 шағын ауданында 1-сынып оқушысы су толы құрылыс орнындағы қоршалмаған шұңқырға құлап мерт болды. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, шұңқырдың ашық жатқанына біраз болған. Уақыт өте келе шұңқыр ағынды суға толып кеткен.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық