Шуда гашиш есірткісінің ірі партиясы тәркіленді
Шуда гашиш есірткісінің ірі партиясы тәркіленді, деп хабарлайды Жамбыл облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
«Жамбыл облысы ІІД Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Шу ауданындағы «Бестаз» аймағында жүргізген жедел іс-шара барысында Мерке ауданының 37 жастағы тұрғынын ұстады. Жақын маңдағы аумақты тексеру барысында жалпы салмағы 1,215 келі болатын гашиш есірткі заты салынған полиэтилен пакеті табылып, тәркіленді. Әрі қарай сатуға ыңғайлы болу үшін тыйым салынған зат 74 данадан (әрқайсысы шамамен 20 грамнан) домалақтап оралған», - делінген сенбі күні хабарламада.
Тәртіп сақшыларының айтуынша, әрбір «дөңгелек» 20 дозаға есептелген.
«Ұсталған азамат өз кінәсін мойындап, Шу қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды», - деді Жамбыл облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлсара Мұхтарқұлова.
ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабының 4-бөлігі (Есірткі заттарды аса ірі мөлшерде заңсыз сақтау) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық