Шортандыдағы жарылысқа үйдің иесі кінәлі болып шықты

cover

ҚР Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин үйде жарылған газ балоны өрт қауіпсіздігі талаптарын бұза отырып сақталғанын айтты.

«Үйдің иесі мына балонды пештің жанына әкеліп орнатқан. Осылайша, олардың туыстары мен жақындарының өліміне әкелген сол адамның кінәсі болып табылады. Екінші кінәсі, жанармай құю стансасында газ балондарын толтырған. Негізінен олай істеуге тыйым салынған» деді Юрий Ильин.

Еске салсақ, Ақмола облысы Шортанды ауылындағы казарма типті пәтерде газ балоны жарылып, салдарынан үш адам қаза тауып, 11 адам жарақат алған.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар