Шораев Қазақстанға қоныс аударып жатқан ресейліктерге ескерту жасады
Коллаж: Orda
Президент жанындағы қоғамдық сенім ұлттық кеңесінің бұрынғы мүшесі Арман Шораев әлеуметтік желідегі парақшасында Қазақстанға қоныс аударып жатқан Ресей азаматтарына ескерту жасады.
Шораевтың айтуынша, Ресейге әлем елдерінен санкциялар салынғаннан кейін, Қазақстанға қоныс аударуға ниетті ресейліктер көбейген.
– Санкциялардан кейін Қазақстанға Ресей азаматтары келіп жатыр. Сендер Украинаның берекесін алып, бейбіт тұрғындар, балалар мен қариялар қаза тапқан кезде үнсіз қалдыңдар. Ресей қалаларына ешкім бомба тастап жатқан жоқ. Сол себепті өздеріңнің «Солтүстік Кореяларыңнан» қашудың еш себебі жоқ. Сендер үнсіз қалуларың арқылы Путиннің қолдаушысы болдыңдар. Бізге келіп, ертеңгі күні «Путин, мұнда әскер кіргіз» дейсіңдер. Сендерді мұнда ешкім күтіп отырған жоқ, билет сатып алмаңдар, - деді Шораев.
Арман Шораев 2004 жылдан 2006 жылға дейін «Хабар» Агенттігі» АҚ орталық бюросын басқарды. Кейін «Хабар» Агенттігі» АҚ бас директорының орынбасары, Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігінің қоғамдық-саяси бөлімінің бас инспекторы болып жұмыс істеді. 2007 жылғы маусымнан бастап 2014 жылғы қарашаға дейін «Коммерциялық теледидар арнасы» АҚ «КТК»-ның бас директоры болды. 2019 жылдың шілдесінен 2020 жылдың наурызына дейін Қазақстан Республикасы президентінің жанындағы Қоғамдық сенім ұлттық кеңесінің мүшесі болды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық