«Шолпы — сән емес, тәрбие»: Қазақ мәдениетіндегі шолпы және оның заңды қорғалуы
Сурет ЖИ көмегімен жасалды
Қазақ халқы ежелден «әйел көркі – шаш, шаштың көркі – шолпы» деп бағалаған. Әр бойжеткеннің ажары ең алдымен шашына қарап танылған. Сол себепті қыз баланың шашы тек сыртқы сұлулықтың емес, тәрбиенің, ұқыптылықтың, тіпті отбасы мәдениетінің көрсеткіші саналған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің тарих факультеті, археология, этнология және музеология кафедрасының доценті, тарих ғылымдарының кандидаты Егізбаева Меруерт Қарпыққызы Orda.kz тілшісіне қазақ қыздарының шаш әшекейлерінің мәні мен маңызы туралы кеңінен айтып берді.
Меруерт Егізбаеваның айтуынша, ата-аналар қыздарына арналған шашқа тағылатын, жалғанатын, тарайтын және сән беретін әшекей бұйымдарды арнайы зергерлерге тапсырыспен жасатқан. Бұл тек сән үшін емес, тәрбиелік мәні бар дәстүрдің бір бөлігі болған.
«Қыз баланың шашын тарау үшін сиыр мүйізінен жасалған тарақ қолданылған. Мұның өзі табиғилық пен ұқыптылықтың белгісі саналған. Шашқа тағылатын әшекейлердің бірі – шашбау. Атауының өзі «шаштың бауы» деген мағынаны білдіреді. Оның ең қарапайым түрі матадан тігілсе, күрделі нұсқаларына күміс, алтын теңгелер, тиындар мен маржандар тағылған. Шашбау өрілген бұрымның ұшын бекітіп, шаштың көркін ашатын негізгі сәндік бұйым болған», – деді Меруерт Егізбаев.
Доцент, тарих ғылымдарының кандидаты Егізбаева Меруерт Қарпыққызы шолпының түрлеріне тоқталып кетті. Шашбаудың да бірнеше түрі бар: алтын шашбау, күміс шашбау, тілла шашбау, сөлкебай шашбау, теңге шашбау, шаштеңге, үкі аяқты шашбау және асыл тастармен көмкерілген шашбаутас.
«Шолпы: қыз тәрбиесінің үнсіз тілі. Шаш әшекейлерінің ішіндегі ең көркем әрі ерекше түрі – шолпы. Оны көбіне жас қыздар мен келіншектер таққан. Ал жасы үлкен әйелдер оның қарапайым түрлерін пайдаланған. Шолпы жасалуына қарай әртүрлі аталады: үзбелі, көзді, қозалы, шынжырлы, қос үзбелі, маржанды, меруертті, ақықты шолпы. Көп жағдайда ол бір-біріне шынжыр арқылы жалғанған теңгелерден тұрады», – деді Меруерт.
Қазақ халқының танымында шолпы тек сән емес. Халық арасында шолпы таққан қыздың шашы ұзын, қалың әрі берік өседі деген сенім болған. Сонымен қатар ол бас ауруының алдын алады деп есептелген.
«Бірақ шолпының ең маңызды қызметі – тәрбие. Қыз бала жүрген сайын шолпы сыңғырлап, оның жүріс-тұрысын реттеп отырған. Мұндай әшекей таққан қыз жүгіріп, бей-берекет қозғала алмайды. Соның нәтижесінде қыз бойында байсалдылық, нәзіктік пен ұқыптылық қалыптасқан. Шолпы, шаштеңге таққан қыз-келіншек мезгілсіз жүрмейді, себебі күмістің сыңғыры оны «білдіріп» қояды», — дейді ғалым.
Сондықтан қазақта қыздарға «Шашбаулым», «Шаштеңгелім», «Сырғалым» деп еркелетіп ат қою да жай емес, оның астарында мәдени мән жатыр.
«Шолпының бір түрі – шаштеңге. Ол күміс немесе алтын теңгелерден тізіліп жасалады. Шаштеңге де бұрымның ұшына немесе шашбауға байланады. Ал шашқап – шашты қорғайтын әрі сән беретін бұйым. Ол барқыт сияқты матадан тігіліп, ою-өрнекпен әшекейленеді. Ұзындығы желкеден белге дейін жетіп, шашты шаң-тозаңнан қорғайды», — деді тарихшы этограф.
Соңғы уақытта әлеуметтік желілерде шолпыны «сиырдың құлағына тағатын қоңыраумен» салыстыратын пікірлер де айтылып жүр. Бұл пікірге қатысты Меруерт Егізбаева:
«Мұндай пікір айтатын адамдар қазақтың дәстүрлі мәдениетінен мүлде хабары жоқ деп ойлаймын», — деді.
Ғалымның айтуынша, шолпы мен шаш әшекейлері — жай ғана сәндік элемент емес. Бұл — қазақ қоғамындағы тәрбие құралы, эстетика мен әдептің, әйел болмысының ажырамас бөлігі.
Заң не дейді?
Бұл мәселеге қатысты заңгер Нұрболат Ибраев пікір білдірді. Оның айтуынша, ұлттық құндылықтарды қорлау тек әлеуметтік сын емес, заң тұрғысынан да жауапкершілікке әкелуі мүмкін.
«Егер қандай да бір ұлттың дәстүріне, мәдениетіне, тіліне немесе дініне тіл тигізіліп, соның нәтижесінде ұлтаралық араздық туындайтын болса, бұл Қылмыстық кодекстің 174-бабына сәйкес қаралады. Мұндай жағдайда 2 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген. Instagram, TikTok сияқты платформаларда таралған мұндай контент ұлтаралық араздықты қоздыру ретінде бағалануы мүмкін. Бұл үшін міндетті түрде біреудің арызы керек емес — құқық қорғау органдары өздері де мониторинг жүргізеді», — дейді заңгер.
Оның айтуынша, әсіресе әлеуметтік желілер арқылы таралған пікірлер ерекше бақылауда. Заңгердің сөзінше, мұндай істерде ең маңыздысы — филологиялық сараптама.
«Егер сараптама қорытындысы белгілі бір ұлттың ар-намысына тиеді деп анықтаса, іс бірден қылмыстық сипат алады. Егер пікір нақты бір адамға бағытталса және онда кемсіту болмаса, бұл қылмыстық жауапкершілікке жатпайды. Ал тұтас ұлтты қорлау — бұл басқа мәселе», — деп түсіндірді ол.
Сонымен бірге, ол кез келген пікір қылмысқа жатпайтынын да атап өтті.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- Кәсіпкерді сан соқтырған: 10 жылдан аса іздеуде жүрген ер адам Германиядан экстрадицияланды
- «Шолпы — сән емес, тәрбие»: Қазақ мәдениетіндегі шолпы және оның заңды қорғалуы
- Бішкекте жалаңаш ер адам балаларды қуалаған
- Алматы облысында алаяқтың арбауына түскен әйел көмектеспек болған полицейлерден қашты
- Атырауда зираттан қару мен оқ-дәрілер табылды
- Құлжа күре жолында бірден бес көлік соқтығысты
- Индонезияда тікұшақ апаты: Борттағы барлық адам опат болды
- Семейде қосымша нәпақа табам деп жұмыс істеп жүрген студент қолынан айырылды
- Қарағанды облысында жол апатынан екі мотоцикл жүргізушісі қаза тапты
- Алматыда қар көшкіні мен тас құлау қаупі: ТЖД ескерту жасады
- Шымкентте 1,7 млрд теңгенің негізсіз бюджет шығындары анықталды
- Таяу Шығыстағы шиеленіс: Қазақстан Иранмен бірлескен жобаларын уақытша тоқтатты
- Ерлан Қошанов Парламентаралық Одақтың 152-ші Ассамблеясында сөз сөйледі
- Израиль мен Ливан арасында 10 күндік бітім жарияланды — Трамп
- Тоқаев Анталиядағы дипломатиялық форумға қатысады
- Түркияда мектептерге жасалған шабуылдардан кейін мұғалімдер наразылыққа шықты
- «Құрылыс жұмысын жасатқан»: Оқушыны өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізген 3 адам сотталды
- АҚШ әскери-теңіз күштері Ормуз бұғазындағы миналарды іздеуге кірісті
- Түрік сериалдарының жұлдызы Бурак Дениздің есірткі қолданғаны белгілі болды
- Жетісуда 23 жастағы дзюдошы қыздың өлімі: Дәрігерлер кінәлі ме?