Шольц қатысқан кеште бірнеше қыздың сусынына есірткі қосылған — БАҚ
Сүрет: © AP Photo / Martin Meissner
Германия канцлері Олаф Шольц қатысқан жеке кеште кем дегенде сегіз қыз есірткі қосылған сусын ішіп алған.
Бұл туралы неміс социал-демократиялық партиясының кейбір өкілдерінен алынған ақпаратқа сілтеме жасай отырып, немістің Tagesschau порталы хабарлайды.
Полицияның мәліметінше, оқиға 6 шілде күні кешке Берлин канцеляриясындағы типті шатырда мыңға жуық қонақтың қатысуымен өткен мерекелік шарада болған. Қатысушылар арасында Германия канцлері Олаф Шольц те болған.
Тәртіп сақшыларының айтуынша, шілденің 7-сі күні таңға қарай бес зардап шегуші тіркелген, қазіргі уақытта қаскүнемдерді іздеу жұмыстары жүргізілуде. Бір қызығы, фестивальге канцлердің өзінен басқа ГФР-нің басқа да жоғары лауазымды тұлғалары қатысқан.
Тергеу мәліметтері бойынша, қыздардың бірі мерекелік шараға қатысқаннан кейін әлсіздікке, бас айналуына және есте сақтау қабілетінің жоғалуына шағымданған.
Ол кеште ішімдік ішпеген. Іс-шараның соңында ол ауырып қалады, ал келесі күні таңертең өткен күнді мүлдем есіне түсіре алмаған. Токсикологиялық сараптама жүргізілді, бірақ әлі нәтиже жоқ.
Неміс канцлерінің өзі бұл оқиғаға әлі түсініктеме берген жоқ, бірақ егер бұл жанжал көтерілсе, Шольцтің онсыз да тұрақсыз жағдайын қиындатуы әбден мүмкін.
Бұған дейін Германия тұрғындары канцлерді Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсоннан үлгі алуға және отставкаға кетуге шақырған болатын. «Ресей газды «қару» ретінде пайдаланып жатыр деген сөзінен кейін жұртшылық Шольцты қызметінен алуды талап ете бастады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық