Шоколадтан бастап Виаграға дейін бар: Қазақстан өндірісін бастайтын әлемдік брендтер
Фото: DALL-E
Әлемге танымал компаниялардың көбі Қазақстанда өз өндірісін ашқысы келеді. Дегенмен олардың бәрі бұл ниеттерін ресми түрде растаған жоқ. Бұл туралы сыртқы істер вице-министрі Әлібек Қуантыров мәлімдеді, деп хабарлайды Orda.kz.
Сенат дәлізінде сөйлеген вице-министрдің айтуынша, бірқатар халықаралық корпорациялар Қазақстанда кәсіпорын ашу мүмкіндігін қарастырып жатыр. Мұндай компаниялардың бірі – әлемдегі ең ірі шоколад өндіруші Mars.
«Олар қазір бір ірі жоба бойынша жұмыс істеп жатыр», – деді Қуантыров.
Сондай-ақ, ол Pepsi компаниясын да атап өтті:
«Мысалы, Pepsi. Екі күн бұрын Премьер-министрмен кездесу өтті. Олар бастапқыда уәде етілген 160 миллион доллар инвестицияның орнына екі жарым есе көп қаражат құюды және өндірісті үш есеге ұлғайтуды жоспарлап отырғандарын айтты».
Әлібек Қуантыровтың айтуынша, Парсы шығанағы елдері, Қытай мен Түркиядан да өз инвестициясын салуға дайын бірнеше компания бар. Бұл – Қазақстан нарығына енуді жоспарлап отырған немесе елімізде бұрыннан жұмыс істеп келе жатқан әлемдік брендтер.
«Алдағы уақытта, нақтырақ айтқанда 28 мамырда, әлемге танымал AstraZeneca компаниясының өндірістік желісін іске қосу жоспарланып отыр. Олар онкологиялық ауруларды емдеуде қолданылатын дәрі-дәрмектер шығаратын болады. Жақында біз олардың Кембридждегі кеңсесінде болдық. Компания бұл іске өте байыппен қарап отыр. Бұл қатарда Pfizer де бар», – деді Қуантыров.
Айта кетсек, Pfizer әлемге әйгілі көптеген дәрілік заттарды өндіреді. Антидепрессанттар мен антибиотиктерден бастап вакциналар мен атақты «Виаграға» дейін шығарады.
Сонымен қатар, вице-министрдің айтуынша, жаһандық брендтер жер қойнауын пайдалану және шикізат өңдеу салаларына да қызығушылық танытты.
«Мысалы, Жамбыл облысында жүгеріні өңдейтін Fufeng зауыты ашылды. Сонымен бірге Dalian компаниясы да бар. Бұлар – әлемдік деңгейдегі өндірушілер. Яғни, Қазақстан нарығына қызығушылық танытқан брендтер өте көп. Бұл – жаңа жұмыс орындары, салықтар, технология мен құзыреттер. Бұрын компаниялар технологиямен бөлісуге құлықсыз болса, қазір біз өз шарттарымызды қойып отырмыз, ал олар өздері де мүдделі», – деп түсіндірді Қуантыров.
Оның айтуынша, әлемдік деңгейдегі компаниялар көбінесе өндірісті жергілікті жерде дамытуды көздейді. Өнімдер мен қызметтер ел ішінде сатып алынады, ал жұмысқа жергілікті кадрлар тартылады.
Журналистер: «Қазақстан өз өндірісін Қытайдан Вьетнам мен Үндістанға көшірген Apple компаниясына өз алаңдарын ұсынды ма?» деп сұрады.
«Біз тек ұсынып қоймаймыз, бұл бағытта әрқашан ашықпыз. Геосаяси жағдай қандай болса да, дайынбыз. Бірақ түпкілікті шешімді инвесторлардың өздері қабылдайды», – деді Қуантыров.
Айта кетсек, Ұсталған LRT басшысы Тасмағанбетовке қарсы айғақ беруі мүмкін екендігі туралы жазған едік.
Жаңалықтар
- Министр: Тұрғын үй бағасының зейнетақы жинағына қатысы жоқ
- Әскерде зорландым деп ақша жинаған адам сотталды
- Енді темекі шегетіндер өкпе обырына тегін тексеріле алады
- Тамыздан бастап Қазақстанда не өзгереді: Жүргізуші куәлігі, жаңа сайлау
- Махамбет Өтемісов атындағы университеттің ректоры ұсталды деген ақпарат тарады
- Дастан Сәтпаев «Челси» сапында дебют жасады
- 31 жастағы ер адам 74 жастағы әйелді пышақтап өлтірді
- Астанада өз бетінше автобус жуып жүрген жігіттің әрекеті мемге айналды
- Нұрай Серікбайдың ісі: Сот алқабилерсіз өтуі мүмкін, жәбірленуші тарап тікелей эфир талап етті
- Жаңа талап: Жүргізуші куәлігін жарамсыз етуге қандай негіз бар?
- Қорапқа салып берді: Жаңа туған үшем Алматы облысындағы ауруханада шетінеп кетті
- Қазақстан қорықтарында 19 орман өрті тұтанды
- Трамп Канададан келетін тауарларға 50 пайыздық баж салығын енгізді
- Тоқаев Испания құрамасын футболдан әлем біріншілігіндегі жарқын жеңісімен құттықтады
- ӘЧ-2026: Испандар жеңісі үшін гауһар тасты 30 алтын жүзік алады
- Павлодар облысында құдыққа түскен алты адам қаза тапты: Марқұмдардың ең жасы 16 жаста
- Әлем чемпионаты – 2026: Турнирдің үздіктері анықталды
- Месси мен Роналду дәуірі аяқталды: 2026 жылғы әлем чемпионаты несімен есте қалды?
- Ескертуге қарамастан КҚК теңіз терминалындағы мұнай танкеріне тағы шабуыл жасалды
- Венесуэладағы жер сілкінісі құрбандарының саны бес мыңнан асты