Шоқан Уәлихановтың мүсіні қоқыстан табылды
бейнежазбадағы кадр
Көкшетауда ұлы ғалым Шоқан Уәлихановтың ескерткіші қоқыстан табылды, деп хабарлайды Orda.kz порталы.
Қаланың шеткі аймақтарының бірінде қоқыс үйінділерінің арасынан табылған бұл ескерткіш халық арасында резонанс тудырып, көпшіліктің назарын аударды.
Бюсті тауып алған Аслан Төлегенов бұл туралы әлеуметтік желідегі өзінің парақшасына жариялады. Оның айтуынша бюсті лас көрпеге орап, сыртын сыммен байлап тастаған.
«Қала ішінде Хасенов гараждарында қоқыстар арасында ескерткіш жатқаны туралы сыбыс желдей ескен еді. Соны анықтап білейін деп арнайы барғанмын. Ескерткіш-бюст патшалық Ресей кезіндегі формамен тұрған Шоқан Уәлихановтың ескерткіші болып шықты. Бұрын оның қайда болғаны маған белгісіз. Қандай себеппен осында тасталғаны, неліктен ескі жарылған көлік дөңгелектерінің астында жатқанын біз анықтауға тиіспіз. Ескерткішті суға батқан адам тәрізді ескі жырым-жырым болған көрпемен орап, сыммен сыртынан байлап тастаған. Ескерткіш қоқыстың арасында жатыр», - дейді ол.
Халық Уәлихановтың бюсті қоқыста жатқанына наразылық танытты.
«Осылай тарих та ұмытылады. Содан кейін ешкімге белгісіз жаңасы пайда болады. Ал оқымаған жас балалар жаңа Тиктокта түсірілген үзіп-жұлынған мәтінді миына құяды», «Өз тарихын білмейтін және құрметтемейтіндердің болашағы болмайды», «Тарихты бұлай қорлауға болмайды. Бұл біздің ата-бабаларымыз, олар туралы естеліктерді сақтауымыз керек», «Қазақ халқының ұлы тұлғасы ғой. Бұл қалай болғаны?» деп жазды желі қолданушылары.
Шоқан Уәлиханов атындағы университет басшылығы да бұл жағдайға қатысты түсініктеме берді.
«Аталған бюст университетке тиесілі емес екенін хабарлаймыз. Біз оның қоқыс арасында қайдан тап болғаны туралы ақпаратымыз жоқ. Қазіргі уақытта университет бюсті университетке алдыру бойынша барлық қадамдарды жасап жатыр. Біз қазақтың ұлы зерттеушісі Шоқан Уәлихановтың мүсіні қоқыс арасында жатуына жол берілмеуі тиіс деп санаймыз», - деді Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің басшылығы.
Ақмола облысының мәдениет басқармасы басшылығы бұл бюст жеке коллекция жүргізген Мейрам Қойшыбаев деген адамға тиесілі екенін жеткізіп, ресми жауабын ұсынды.
«Қалалық әлеуметтік пабликтерде Шоқан Уәлиханов мүсінінің тиісті түрде сақталмағаны туралы ақпарат тарады. Алайда аталған ақпарат шындыққа жанаспайды. Өйткені аталған бюст суретші Мейрам Қойшыбаевтың жеке коллекциясында болған. Мүсінші қайтыс болғаннан кейін бюсті оның жақындары жекеменшік аумаққа апарған», - дейді Ақмола облысының мәдениет басқармасы.
Ұлы ғалымның мүсіні енді қайда қойылатыны беймәлім.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық