Шетелдіктер Меккеге қажылық жасай алмайды
Былтырғыдай пандемия жағдайына байланысты Сауд Арабиясының билігі биыл Меккеге қажылыққа барушылардың санын шектеу туралы шешім қабылдады.
Бұл туралы Orda.kz. хабарлады.
Сауд Арабиясы тұрғындары ғана қажылық жасай алады, сонымен қатар олардың барлығы COVID-19-ға қарсы вакциналаудан өтуі керек. Оның үстіне қажылардың саны 60 мың адамнан аспауы тиіс.
Жаңа ережелерді Сауд Арабиясының қажылық және умра істері министрлігі жариялады. Қажылыққа қатысушылардың барлығы 18 бен 65 жас аралығында және созылмалы аурулары жоқ болуы керек.
— Биыл, мұсылман күнтізбесі бойынша 1442 жылы коронавирустық пандемияға байланысты патшалықтың азаматтары мен тұрғындары арасынан 60 мыңнан аспайтын адам қажылыққа бара алады, - делінген құжатта.
Қажылық және умра министрлігі өз мәлімдемесінде корольдіктің адамдардың денсаулығы мен қауіпсіздігін бірінші орынға қоятынын мәлімдеді.
Сауд Арабиясында Pfizer-BioNTech, AstraZeneca, Johnson & Johnson және Moderna екпелері ресми түрде бекітілген.
Қасиетті жерлерге бару үшін тағы бір жыл күтпеймін десеңіз, қажылыққа жұмсайтын ақшаны мұқтаж жандарға таратып беруге болады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық