Шетелдік инвесторларға Қазақстанның банк секторына кіру құқығы кеңейтіледі
Сурет: Егемен Қазақстан
Қазақстанда шетелдік еншілес банктердің несиелік белсенділігін арттыру және шетелдік инвесторлардың банк секторына кіруіне қойылатын талаптарды ырықтандыру жоспарлануда, деп хабарлады Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (ҚНРДА).
«Бизнесті несиелендіруді ынталандыру үшін банктердің капитал, өтімділік және кепіл саясаты, сондай-ақ шетелдік еншілес банктердің несиелік белсенділігін арттыру бойынша жаңа пруденциалдық шаралар әзірленді. Шетелдік инвесторлардың банк секторына кіруіне қойылатын талаптарды ырықтандыру жоспарлануда» делінген ҚНРДА баяндамасында.
Ақпаратқа сәйкес, банктердің капитал, өтімділік және кепілдік саясаты бойынша жаңа пруденциалдық шаралар әзірленді.
Сондай-ақ ҚНРДА парламентке стреске ұшыраған активтерді цифрлық платформалар арқылы сату, халықтың борыштық жүктемесін азайту және барлық микрокредиттер бойынша бірыңғай мөлшерлеме белгілеу, коллекторлық қызметке талаптарды күшейту және қаржылық алаяқтықпен күресу туралы заң жобаларын ұсынды.
Жыл басынан бері қазақстандық банктердің активтері ҚНРДА мәліметтері бойынша 4,8%-ға немесе 46,7 трлн теңгеге дейін, экономиканы несиелендіру 11,5%-ға немесе 25,4 трлн теңгеге дейін өсті, оның ішінде ШОБ несиелері – 9%-ға немесе 6,6 трлн теңгеге дейін өсті.
Жаңалықтар
- «Жалақы уақытылы төленуде»: «ЖЖФЗ» ЖШС фосфор зауытының бас директоры кәсіпорындағы жағдай туралы ашып айтты
- «Күзде жинайтын түк қалмайды»: Қарағандылық фермерлер киіктердің егінді жайпап жатқанына ашулы
- АҚШ пен Иран арасындағы ықтимал келісім мұнай бағасына әсер ете ме?
- Әлеуметтік желіде балағат сөз қолданғандарға айыппұл салатын түзетулер ұсынылды
- Санжар Боқаевты қамауда ұстау мерзімі 18 шілдеге дейін ұзартылды
- «Ақ жол» партиясының төрағасы Азат Перуашев қызметінен кетті
- Алматы – Қорғас тас жолындағы бұзылған бетон көліктерге жаппай зақым келтіріп жатыр
- Еуроодақ Украина мен Молдованың мүшелікке кіруін қарастырып жатыр
- Көкшетау қаласында саябақты өртемек болған шетелдіктің өзі жанып кете жаздады
- Президент заңмен бекітті: Туысқаныңды жұмысқа тарта алмайсың
- АҚШ пен Иран бейбіт келісімнің соңғы нұсқасын келісіп жатыр
- Ақмола облысында екі баланың анасын сталкер танысы қатыгездікпен ұрып өлтірді
- «Маған 10 миллион теңге ұсынды»: Әл-Фарабидегі жол апатынан кейін марқұмның әкесі мәлімдеме жасады
- Перизат Қайраттың көліктері мемлекеттік органдарға тегін берілді
- Қазақстандық қыздардың Вьетнамдағы вебкам-желісі әшкере болды
- Таразда синтетикалық есірткі тасып жүрген шетелдік курьер қолға түсті
- Amanat өкілдері Adilet-ке қосылатынын ресми жариялады
- 686 камера «көрмей қалған» қылмыс: Заречный түрмесіндегі айыпталушылар жалған қолтаңба мен қысым жайлы айтты
- «Өзімді емес, оларды өлтіруді таңдадым»: Қайын жұртын қырып салған күйеу бала
- Қытай жазушысы, Нобель сыйлығының иегері Мо Янь қазақстандық жас қаламгерлерге шеберлік сабағын өткізеді