Шерзаттың сотына қатысты тағы бір қылмыстық іс қозғалды
Коллаж: Orda.kz
Шерзат Полаттың өліміне қатысты іс бойынша кезекті сот отырысынан кейін марқұмның әкесінің атынан адвокат Мейірман Шекеев Талдықорған қаласының полициясына ресми арыз түсірді, деп хабарлайды Orda.kz.
Арыз жазуға сот залында түсірілген бейнежазба себеп болды. Онда айыпталушылардың бірі марқұмның әкесіне еріп келген мобилографқа ашық түрде бейәдеп ым-ишара көрсеткен. Қорғаушы тарап бұл әрекетті тікелей қауіп төндіру ретінде бағалап отыр. Яғни, «саған да осылай болады» деген мағынада қабылдаған.
«Бұл өте маңызды, Адам кісі өлтірді деген күдікпен сот алдында тұрса да, өз-өзін ұстауы шектен шығып кетті. Күледі, қоқан-лоқы жасайды, заңды менсінбейді. Бұл — тек сот процесін құрметтемеу емес, бұл — заңға, құрбан болған жанға және тұтас қоғамға ашық немқұрайдылық», — деді адвокат Мейірман Шекеев.
Адвокаттың айтуынша, айыпталушының бұл әрекеті оның ішкі ниетін, сот процесіне көзқарасын айқын көрсетіп отыр.
«Иә, әзірге ол тек айыпталушы. Соттың үкімі әлі шыққан жоқ. Бірақ оның мінез-құлқы — өте қауіпті белгі деуге болады. Агрессия, мысқыл, қорқыту — мұның бәрі назардан тыс қалмауы тиіс. Заң аясында тіркеліп, бағалануы қажет», — деді Шекеев.
Қазіргі таңда арыз қабылданды. Бұл дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды.
Еске салсақ, Шерзат Полаттың сотында жәбірленуші тараптың қорғаушысы Мейірман Шекеевтің көмекшісіне сот залында сотталушылардың бірі қолмен қорқытатын «ишара» көрсеткен еді.
Сот залында айыпталушылардың бірі адвокат Шәкевтің көмекшісіне қоқан-лоққы жасаған ишара көрсеткені жайлы жаздық. Бұл «ишараны» нақты кім көрсеткені және оның қандай болғаны белгісіз, өйткені адвокат бұл туралы толық айта қоймады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық