Шерзаттың отбасының үйіне қасақана өрт қойылды: Бас прокуратура мәлімдеме жасады
Фото; Бас прокуратура
Қазақстанның Бас прокуратурасы Талғарда кісі қолынан қаза тапқан жасөспірім Шерзат Болаттың отбасына тиесілі үйді шарпыған өртті қасақана қойылған деп атады, деп хабарлайды Orda.kz.
Қазанның 12-сі күні онсыз да баласынан айырылып қан жұтып отырған қаралы отбасының үйіне өрт қойылды. Жылағанға жұдырық болып, зардап шеккендердің үйі өртенгеннен кейін Бас прокуратура істі өз қолына алып, басшылық шешімімен қылмысты ашу үшін ведомствоаралық жедел-тергеу тобын құрды.
«Қылмыскерлерді әшкерелеу үшін барлық шаралар қабылданатын болады. Қылмыстық іс ҚР Бас Прокурорының бақылауына алынды», деп хабарлады ведомство.
Бұған дейін қаза болған жасөспірімнің әкесі Қаржаубай Нұрымов отбасын біреулер қорқытып жатқанын айтқан болатын. 12 қазанға қараған түні қайтыс болған жасөспірімнің ата-анасының үйі өртеніп кетті. Полиция қыршын кеткен жасөспірімнің отбасын тәулік бойы күзетке алғанын мәлімдеді.
Жаңалықтар
- Қазақстандықтардың қарызы 25 триллион теңгеден асты
- Қоғам қайраткері әрі дәрігер Бақыт Түменова қайтыс болды
- Қазақстан азаматы Берлин қаласында Ресей пайдасына тыңшылық жасады деген күдікпен ұсталды — Euronews
- Алматыда самокатшыларға қойылатын талаптар күшейтілді: Полиция қандай шешім қабылдады?
- Депутаттар заң жобасын таныстырды: Мұғалімнің оқушылар үшін жауапкершілігі азайды
- Ақтөбе облысында дрон құлап, құрғақ шөп өртке оранды
- Дәрігерлер өңешінде ине тұрып қалған сәбиге дер кезінде жәрдем берді
- Бурятияда қар көшкіні кезінде қазақстандық қаза тапты
- Тоқаев Андрей Бабиштің чех кәсіпкерлері делегациясын әкелгеніне ризашылық білдірді
- Тәшиевке төңкеріс әрекеті бойынша айып тағылды ма? Адвокат өз сөзінен бас тартты
- Заңсыз кіріс өндірілді: Ойын бизнесін ұйымдастырған шымкенттік 4 жылға сотталды
- Швейцария соты Гүлнәр Кәрімоваға қатысты істі тоқтатты
- Ақтаулықтар кәдеге жарату алымын төмендетуді талап етті
- Қамшыбек Тәшиев мемлекеттік төңкеріс жасамақшы болған: Экс-ҰҚК төрағасына ресми түрде айып тағылды
- АҚШ-та Трамптың бейнесі бар паспорт шығады
- Google қызметкерлері жасанды интеллектті әскери мақсатта пайдалануға қарсы
- Сәби саудасы мен еңбекке жегу: ІІМ қылмыстың топтардың ісін әшкереледі
- «Дружба» құбыры жабылды: Қазақстан мұнай экспортын қайда жібереді?
- Аргентинада Димаш Құдайберген атындағы кабинет ашылды
- Таяу Шығыстағы ахуал: БАӘ мұнай экспорттаушы елдер ұйымынан шығады