«Шерзаттың өлімі»: Дүкендегі камера түсірген толық бейнежазба жарияланды
Фото: Бейнеден кадр
Талғарда дүкеніне келіп, 16 жасар ұлы Шерзатты өлтіріп кеткен бұзақыларға әділ сот жүргізуді талап өтіп жүрген Қаржаубай Нұрымовтың сол күнгі бейнежазбасы шықты, деп хабарлайды Orda.kz.
Бейнежазбаның толық нұсқасын жариялаймыз.
Бейнежазбада Қаржаубай Нұрымов дүкенінде отырғанда бейтаныс көк кепка киген ер адам сыра алып, телефонындағы чекті көрсетіп жатыр.
Қайталап көрсетеді. Сосын олардың жұдырықтарын түйістіріп тату кетіскенін көреміз. Сырасын алып бейтаныс адам дүкеннен шығып кетеді.
Сәлден соң қайта келіп тағы бір сыра алады.
Алайда осы жерден бейне үзіліп кеткен.
Ер адам телефонмен сөйлесем дегендей ишарат білдіріп сыртқа шығып кетеді.
Артынша ол камераға көрінбейтін жерге кіріп кетіп, еңкеңдеп шығады. Соққы алған адамдай. Сосын Қаржаубай дүкеннен су құйылған бөтелке алып шығып, оның бетін жууға көмектеседі.

Артынша дүкеннің ішіндегі бейнежазба көрінеді. Онда басқа бейтаныс ер адам кассаға дейін Қаржаубай мен ұлымен бірге еріп кіреді. Артынша тағы бейнежазба үзіліп сырттағы көрініс көрінеді. Онда ашулы Қаржаубай Нұрымов пышақ ұстаған күйі бір топ адамға ұмтылып жатыр.
Шерзат оны тоқтатуға тырысады. Екінші бейтаныс адам оған бірдеңе түсіндірген болады.
Артынша дүкенге ішінде екі әйел бар бір топ кіреді.
Қаржаубайдың алдындағы бейтаныс адам екі қолын жайып оны сабырға шақырғандай ишарат жасап тұр. Сол кезде екінші бейтаныс адам оны бір-ақ тебеді.

Осы жерден бейнежазба тағы да үзіліп кетеді.
Қаржаубайдың телефонын ұстап тұрғаны көрініп, ал қалған адамдар көрінбей қалады.
Қаржаубай Нұрымов біреуге қоңырау шалады. Бейтаныс үш адам қасында жүреді. Олар камераға көрінбейтін жерге кіріп кетеді.
Бір қыз бен жігіттің сенделектеп құшақтасып арғы бұрышқа кеткені көрінеді.
Кенет екі ер адамның және әйелдің шегіншектеп, соққыдан қорғанғаны көрінеді. Шерзат оларға жұдырық сілтейді. Арғы бұрышқа қызбен бірге кеткен жігіт Шерзат жаққа, камера түсірмейтін жаққа жүгіріп кетеді.
Еске сала кетсек, осы бейнежазбадағы Қаржаубай Нұрымовтың пышақ ұстаған жері желілерге таралып кеткен болатын. Бұған Шерзаттың әкесі «жоғалып кеткен бейнежазбаны қайта, кесіп өздеріне ыңғайлы» жерлерін таратты деп наразы болды. Ол «пышақ ұстап келген адамдардың алдына қалам ұстап шықпайтын шығармын» деген уәж айтты. Сонымен қатар ол егер сот әділ өтпесе, басқа мемлекетке кететінін мәлімдеді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық