Шерзаттың ісі: судья Ержан Жанұзақов істі жүргізуді жалғастырады
Фото: Видеодан кадр
Шерзат Полаттың қазасына байланысты өтіп жатқан сотта төрағалық еткен Ержан Жанұзақовқа қатысты білдірілген қарсылықты басқа судья қанағаттандырмады, деп хабарлайды Orda.kz.
Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Асқарбек Бейімбетов қорғаушы Жұмат Әбеновтің судья Жанұзақовты істен шеттету туралы өтінішін қарады.
Әбенов бұл қарсылықты сот техникалық сарапшылар мен тергеушілерді шақырмағанына байланысты білдіргенін айтты. Алайда сотталушы тараптың басқа адвокаттары бұл уәжбен келіспеді. Адвокаттар Марғұлан Сәдібеков пен Ержан Мәуленов сарапшы шақырылса да, ол тек өз сараптамасы аясында жауап беретінін, сондықтан судьяны ауыстырудың қажеті жоқ екенін жеткізді.
Керісінше, Равиль Сакиевтің қорғаушысы Мәди Бөленбаев сот барысы біржақты, айыптау сарынында өтіп жатқанын айтып, Әбеновтің өтінішін қолдады. Дархан Әскентайдың адвокаты Гаухар Баймұханова да өтінішке қосылды.
Мемлекеттік айыптаушы Дана Сәрсенбай қорғаушы тараптың уәждері негізсіз екенін мәлімдеді.
«Қорғаушының уәждері Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 87-бабында көрсетілген негіздерге жатпайды. Оның үстіне, бұл өтініш эмоцияға беріліп жасалған деп есептеймін», – деді прокурор.
Еске салсақ, өткен отырыста Жұмат Әбенов осы прокурорға да қарсылық білдіріп, Сәрсенбайдың соттағы эмоциялық күйін алға тартқан еді.
Жәбірленуші тараптың адвокаттары да Әбеновтің өтінішін қолдамады. Кеңесу бөлмесінен шыққан судья Бейімбетов қаулысын жария етті.
«Судья Жанұзақовқа қатысты білдірілген қарсылық қанағаттандырылмайды. Себебі куәлар мен сарапшыларды сотқа шақырмау – судьяны ауыстыру үшін жеткілікті негіз болмайды», – деді ол.
Сондай-ақ, сот барысында жедел жәрдем бригадасы айыпталушылардың бірі Азамат Тоқтаубаевқа медициналық көмек көрсетті. Оған алдын ала «жүйке жұқаруы» деген диагноз қойылып отыр.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық