Шерзат Полаттың сотын 42 елдің тұрғыны көргені белгілі болды
Коллаж: Orda.kz
Қоғамды дүр сілкіндірген Шерзат Полаттың сотын 42 мемлекеттің азаматтары қарап, 80 сағаттан астам уақыт бойы тікелей қосылғаны белгілі болды, деп хабарлайды Orda.kz.
Бұл туралы бүгін Жоғарғы соттың коммуникациялар бөлімінің басшысы Перизат Сәдуақас-Хайруллина Facebook парақшасында жазды.
Екі ай бойы Жоғарғы сот процесті тікелей эфирде көрсетті. Бас-аяғы 36 трансляция жүргізіліп, эфир уақыты 80 сағаттан астам болған, тікелей эфирлерді 30-дан астам медиа-платформа таратқан. Ал Жоғарғы соттың YouTube арнасындағы жалпы қаралым саны – 1 миллионнан асқан. Көрермендердің көбі 25–34 жас аралығындағылар (37,1%) болған. Сонымен қатар, тікелей эфирді 42 елдің азаматтары қараған.
Көру саны бойынша көш бастаған елдер:
Қазақстан — 87%
Өзбекстан — 5,3%
Қырғызстан — 1,4%
Германия — 0,6%
АҚШ — 0,3%
Сондай-ақ, Жоғарғы соттың коммуникациялар бөлімінің басшысы Перизат Сәдуақас-Хайруллина сотталғандардың сот залында айқай-шу шығаратынын алдын ала сезіп, үкім оқылған соң бірден камераны өшіргенін мәлімдеді.
«5 маусым күні, үкім жарияланған сәт өте ауыр болды. Сот үкімін жариялап жатқанда мен камераның қасында, айыпталушылардың тура жанында тұрдым. Бізді небәрі 3–4 СОБР қызметкері бөліп тұрды. Үкім оқылған сәтте залдағы шу күшейіп, жағдай ушыға бастағанын анық сездім. Судья үкімді жариялап, сот залынан шыққан сәтте бірден тәртіпсіздік басталды. Мен трансляцияны бірден өшіріп үлгердім. Не болатынын ішім сезіп тұрды. Айыпталушылар шыны қоршауларды ұра бастады. Ал туыстары айқайлап, орындықтардың үстіне шығып кетті. Агрессия, дүрбелең, хаос», – деді Сәдуақас-Хайруллина.
Еске сала кетейік, 5 маусым Шерзат Полаттың сотында судья Ержан Жанұзақов тоғыз күдіктіге қатысты үкімді оқыды. Orda.kz тілшісі осы сотқа қатысып тікелей ақпарат таратып отырды. Сот 16 жасар бозбала Шерзат Полатты өлтірді деп айыпталған Абзал Шынасылды 23 жылға, ал Нұрғанат Ғайыпбаевқа пышақ тыққан Равиль Сәкиевті 20 жылға бас бостандығынан айырды. Қалғандарының қанша жылға бас бостандығынан айырылғанын толығырақ мына материалдан оқыңыздар.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық