Шерзат Полаттың өліміне қатысты тергеу аяқталды: Алда сот

cover Коолаж: Orda.kz

Шерзат Полаттың өліміне қатысты істі тергеу аяқталды. Тараптар қылмыстық іс материалдарымен толық танысып, істі сотқа жіберу үшін прокурорға жолданды, деп хабарлайды Orda.kz.

Алматы облысының полиция департаментінің мәліметінше, тергеу барысында қылмысқа қатысты 8 бейнематериал зерттеліп, 40 сот сараптамасы жүргізілген, 200 куәгерден жауап алынған. 

Жалпы қылмыстық іс 62 томнан тұрады. Бұның ішіне сараптама қорытындылары, жиналған дәлелдемелер мен жауап алу хаттамалары және басқа да маңызды материалдар кірген.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар