Шерзат Полат ісі: Сот шешімі өзгерген жоқ
Фото: instagram/ justice_for_sherzat
Алматы облыстық сотында Шерзат Полат ісі бойынша сотталғандардың апелляциялық шағымы қанағаттандырылмады, деп хабарлайды Orda.kz.
Сот процесіне Досымбек Қалдырбек, Марина Мұсабекова және Ербол Құтпанбаевтардан құралған судьялар алқасы төрағалық етті.
«Сот үкімінде барлық дәлелдерге тиісті баға берілген, сотталғандардың іс-әрекеттері дұрыс сараланған, оларға заңды әрі әділ жаза тағайындалғандықтан бірінші сатыдағы соттың үкімі өзгеріссіз қалады. Сонымен қатар азаматтық талап-арызға қатысты сот дұрыс шешім қабылдады. Моральдық шығын әр істің салмағына қарай белгіленеді, сондықтан оның да белгіленген мөлшері заңды», – деді Досымбек Қалдырбек.
Сондай-ақ, Дана Жақсыгелді, Эльмира Нұрбекова, Юлдаш Розбакиев пен Арлан Қазыкеновке қатысты бірінші сатыдағы соттың жеке қаулысы да сол қалпы қалды.
Бұл дегеніміз, алдағы уақытта аталған төрт куәгердің іс-әрекеттерінде қылмыстық құрам бар ма, жоқ па, соны тергеу анықтайтын болады.
Бұған дейін бірінші сатыдағы сот:
- Абзал Шынасыл — 23 жылға сотталды. Оған Шерзат Полатқа пышақ сұғып өлтірді деген айып тағылды.
- Рәвиль Сакиев — 20 жыл алды оған бұзақылықпен қатар кісі өлтіруге оқталу айыбы тағылды.
- Азамат Тоқтаубаев — 15 жыл, ал Нұркияс Ильясов — 9 жылға бас бостандығынан айырылды.
- Шыңғыс Белғожаев, Дархан Асқентаев, Нұрбол Тоқтаубаев пен Дидар Қалиахмет бұзақылық үшін әрқайсысы 7 жылға сотталды.
- Ал кәмелетке толмаған Думан Ысқақ қылмыс туралы хабарламағаны үшін 1,5 жылға жазаланды. Қазіргі уақытта Ысқақ жазасын өтеп шықты.
Сот шешімі оқылған соң, сотталғандардың бірі Дидар Қалиахметтің әкесі Еркін Қалиахмет журналистерге Жоғарғы сотқа шағымданбақ ниеті бар екенін айтты.
Фото: Orda.kz
«Кассацияға береміз одан да нәтиже шықпаса тағы шағымданамыз. Егер менің баламның шынымен де кінәсі бар болса мен апелляцияға да бермес едім. Дидардың ешқандай дәлелденген кінәсі жоқ. Сотта Қаржаубай төбелестің арасынан, не қолынан қару көрмегенін айтты. Балам ол төбелескен топтың ішінде болған жоқ, бар болғаны ол моншадан шығып, дүкенге сыра алуға барды. Оның кінәсі жоқ болғандықтан да соңына дейін барамыз », – деді Дидар Қалиахметтің әкесі.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық