Шерзат ісіндегі маңызды айғақ жоғалды
Фото: жеке мұрағатынан
Шерзат Полаттың өліміне қатысты сот отырысында күдіктілер арасындағы әңгіме жазылған делінетін бейнежазбаның дискісі сот материалдарынан жоғалып кеткен. Айыпталушылар стенограммада өздеріне тиесілі делінген сөздерді жоққа шығарды, деп хабарлайды Orda.kz.
Тергеу нұсқасына сәйкес, күдіктілер отырған изоляторға жасырын камера орнатылған. Видеода Нұрқияс пен Абзал Шерзаттың қаза тапқан түні не болғанын өзара талқылайды делінген. Жәбірленуші тараптың адвокаты Бағдагүл Әжіғалиева осы видеожазбаның стенограммасын оқып берді:
А: Көзі қыли ананың, брат.
Н: Досым, байқамадым.
А: Көзі қыли ананың, брат, бүйтіп ішіне қарап тұрады. Басқа жаққа қарап тұрса ше? Қалай арт жағымызда тұрған машиналарға да тимеген, иә? Соның ар жағында тағы да машина тұрған. Айтқаннан кейін таспен ұрдым.
А: Мен де ұрдым.
Н: Тиді ме осы жерде, бір жеріне тиді. Тас алдым да, екеуі тұрған еді ғой, бір-бірінің артында. Тағы мына жағында да машина тұрған. Жіберіп қалдым. Дәл осы жеріне тиді.
А: Сен атты деген әңгіме жоқ қой, бірақ. Ұмытып қалған шығар, сен айтпа.
Адвокат Әжіғалиева осы жазбаға байланысты Абзалға сұрақ қоюға ниеттенген. Алайда Нұрқияс пен Абзал бір ауызда «Бұл сөздерді біз айтқан жоқпыз» деп қарсылық білдірді.
Сотталушылар стенограмма мазмұнымен келіспеген соң, адвокат оны дискіден тыңдатуды сұраған. Алайда №5825 нөмірлі диск іс материалдарынан табылмады.
Сот отырысында прокурорлар «іс құжаттарының құрамында болуға тиіс» деп, іс-құжатты соттан сұратты. Алайда материалдарды мұқият қарап шыққанымен, №5825 нөмірлі диск табылмады. Прокурордың мәлімдеуінше, бұл диск тергеу кезінде жарамсыз деп танылған. Осыған байланысты сол дискіде сақталған видеожазбаның стенограммасы айғақ заттар тізімінен алынып тасталды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық