Шерзат ісі: Сотталған жеті адам үкімге қарсы шықты
Фото: Orda.kz
Шерзат Полаттың өліміне қатысты сотталған тоғыз адамның жетеуі үкімге қарсы апелляциялық шағым түсірді, деп хабарлайды Orda.kz.
Бұл туралы жәбірленуші тараптың адвокаты Мейірман Шекеев Instagram парақшасында мәлімдеді. Оның айтуынша, Шыңғыс Белғожаев пен Думан Ысқақ апелляцияға арыз бермеген.
Сондай-ақ, адвокат Қаржаубай Нұрымов жансақтау бөлімінде жатыр деген ақпаратты жоққа шығарды.
«21 маусымда түпкілікті үкім шықты, сол күні апелляциялық шағым да түсті. Қазір сол күннен бастап, яғни сотталушылар үкімді алған күннен бастап, шағым түсіруге 15 тәулік беріледі. Бүгінде Шыңғыс Белғожаев пен Думан Ысқақтан басқа барлық сотталғандар мен олардың қорғаушылары шағым түсірді. Сот отырысының нақты күні кейін хабарланады», – деді Шекеев.
Еске салайық, 5 маусым күні Талдықорғанда кісі қолынан қаза тапқан жасөспірім Шерзат Полаттың ісі бойынша сот үкімі шықты. Сотталғандарға 1 жыл 6 айдан 23 жылға дейінгі бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Айта кетейік, сот үкімі шыққаннан наразы болған сотталушылар терезені ұрып, сот залының есігін теуіп, шу шығарды.
Сотталғандар:
- Абзал Шынасыл — 2000 жылы туған, ұлты қазақ. Орта білім алған, жұмыссыз, бойдақ. Бұған дейін сотталмаған. Сотта кінәні толық мойындамайтынын және отырыстың кейбір бөліктеріне дайын еместігін айтты.
- Равиль Сакиев — 1998 жылғы, қазақ. Орта білім алған. Бұрын мейрамханада әкімші болып жұмыс істеген, отбасын құрмаған. ҚР ҚК 381-баптың 2 және 6-бөліктері бойынша сотталған (бостандықты шектеу түріндегі жаза). Қазіргі уақытта жазасын өтеп біткен.
- Шыңғыс Белғожаев — жоғары білімді, балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт мектебінде әдіскер болып қызмет еткен. Талғар қаласында тұрған. 2015 жылы ҚР ҚК 106-бабы бойынша сотталған (қасақана ауыр дене жарақатын салу). Отбасылы емес.
- Дархан Әскентай — 1998 жылы туған, қазақ. Орта білім алған, жұмыссыз. 2017 жылы оны құқық қорғаушылар тергеуге алған, бірақ іс сотқа жетпей тоқтатылған. Қазір сот отырысына толық дайын екенін айтты.
- Нұрқияс Ілиясов — 1998 жылғы, Талғар тумасы, қазақ. Орта білім алған, жұмыссыз, үйленбеген. Бұрын ҚР ҚК 106-бабы бойынша сотталған (қасақана ауыр дене жарақаты). Сотқа қатысуға дайын.
- Азамат Тоқтаубаев — 2000 жылғы, қазақ. Орта білім алған, жеке кәсіппен айналысқан. 2024 жылы 7 жылға бас бостандығынан айырылған. Қазір іс бойынша сотқа қатысуға дайын.
- Нұрбол Тоқтаубаев — 1996 жылы туған, қазақ. Орта білім алған. Арнайы техниканың операторы болып жұмыс істейді.
- Дидар Қалиахмет — 1998 жылғы, қазақ, Талғардан шыққан. Орта білім алған. Жүргізуші болып жұмыс істейді, үйленген. Бұған дейін сотты болмаған.
- Думан Ысқақ — 2007 жылғы, Талғар қаласының тумасы, қазақ. Орта білім алып жатыр, мектептің 11-сыныбында оқиды.
Еске сала кетсек, Талғарда 4 қазан күні бір топ адам келіп дүкен иесі Қаржаубай Нұрымов, ұлы Шерзат Полат және ағасы Нұрқанатпен жанжалдасып, арты кісі өліміне ұласты. 16 жасар Шерзат Полат қаза болды. Бұл іс қоғамда үлкен резонанс тудырды. 9 желтоқсан күні таңертең Талғардың шетінде қайтыс болған жасөспірім Шерзат Полаттың ағасы Нұрқанат Ғайыпбаевтың денесі табылды.
12 қазан күні Азат ауылындағы марқұм болған Шерзаттың отбасының үйі өртеніп кетті.
Жаңалықтар
- Тараздағы жеті қыз жабылып кастетпен ұрды деген оқиға ойдан шығарылған
- Маңғыстауда қызды ұрлап некеге мәжбүрлегендерге үкім шықты
- «Ақтөбе» ФК ресми түрде мәлімдеді: Нани Love Айкамен кездеспейді
- Бас прокуратура алаяқтықтың жаңа түрі туралы шұғыл ескерту жасады
- ҚР СІМ: Таяу Шығыстан қазақстандықтарды эвакуациялау аяқталды
- Тегеран: АҚШ пен Израиль Турция мен Иранды арандатуға тырысуда
- Жәрдемге келген медицина қызметкерлері өздері көмекке мұқтаж болып жатыр
- Ұлыстың ұлы күні — әз Наурызды Алматы қалай тойлайды?
- Қазақстанда ипотека алу қиын әрі қымбат. Неге?
- Иран Ормуз бұғазы арқылы Үндістан кемелеріне өтуге рұқсат берді
- Тоқаев Ербол Хамитовты Паралимпиададағы жеңісімен құттықтады
- «Көрісу» дәстүрінің тарихы
- Паралимпиада ойындарында Қазақстан қоржынына алтын түсті
- Мемлекет басшысы Digital Qazaqstan жобасы бойынша кеңес өткізді
- Теңізде төтенше жағдай: Компания өрттің шығу себебін тексеріп жатыр
- Түркияның орталық бөлігінде магнитудасы 5,5 болатын жер сілкінісі болды
- Блогер Жанабыловтар отбасының ісі бойынша сот тыңдауы басталды
- 4 адам мерт болды: Иракта АҚШ-тың жанармай құятын әскери ұшағы құлады
- Снежанна Имашева отбасы мәселелері жөніндегі уәкіл болды
- Ұлттық Банк Төрағасының орынбасары ауысты