Шерзат ісі: полиция департаменті басшысынан Ішкі істер министрінің бірінші орынбасарына дейін
Коллаж: Orda.kz
Талғардағы оқиғаға қатысты Бауыржан Әленов Ішкі істер министрінің орынбасары болып тағайындалғаны жайлы ведомство басшысы пікір білдірді, деп хабарлайды Orda.kz.
Бауыржан Әленов Шерзаттың қазасына дейін Алматы облысы полиция департаменті басшысы қызметін атқарды. Оқиғадан кейін қызметінен босатылып, Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалды. Әленовтің жаңа қызметіне байланысты ведомство басшысы Ержан Саденов түсіндірді:
«Бізде кадрлық резерв деген ұғым бар екенін түсініңіздер. Бір ғана қылмысқа қарап шешім қабылдауға болмайды, ұсыныс бұған дейін қабылданған болатын. Иә, ол бұл қылмыстың толық ашылуына дейін жауапты болды. Ол тәжірибелі офицер, резервте тұрды. Тергеуді тергеуші жүргізеді. Сол жағдай бойынша ол басшылық етті, ал қазір менің тікелей бақылауыммен тергеу-оперативтік тобы құрылды», деді Сәденов сенат дәлізінде.
Еске сала кетейік, Талғарда кісі қолынан қаза тапқан Шерзат Болаттың жанұясының адвокаттары әлеуметтік желіде тергеу барысына қатысты мәліметтерімен бөлісіп, соттың ашық өтетініне сенетіндерін айтты.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық