Шерзат Болаттың ата-анасының көршілері: Қаржаубайдың балалары өртенген үйде түнемек болған
Фото: Orda.kz
Orda.kz тілшісі оқиға орнына - Талғар өңіріндегі жұртты шулатқан төбелесте мерт болған жасөспірім Шерзат Болаттың ата-анасының өртеніп кеткен үйіне барды.
Қазір қауіпсіздік күштері оқиға болған аумақты қоршауға алған. Полиция одан әрі өтуге тыйым салады. Тілшіміз бөгде адамдарды жібермей тұрған 20 шақты қауіпсіздік қызметкері бар екенін байқады. Үйдің өзі түгелдей жанып кеткен.

Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Бауыржан Әленов пен облыс прокуроры осында болды. Олар БАҚ алдына шығуға уәде берді, бірақ басқа жақтан шығып кетті.
Көршілер камераға түсініктеме беруден бас тартып, тергеу ісіне кедергі жасағылары келмейтінін түсіндірді. Дегенмен, жеке әңгіме кезінде адамдар өздерінің болжамдары мен қобалжуларымен бөлісті.

Кейбір ауыл тұрғындарының айтуынша, Шерзат Болаттың отбасы бұрын осы үйде тұрып, шаруашылық жүргізген. Бірақ осыдан біраз уақыт бұрын жасөспірімнің ата-анасы Қаржаубай мен оның әйелі ата-анасының үйіне көшіп, үйді тек кейбір тұрмыстық қажеттіліктер үшін пайдаланған.
Ауыл тұрғындарының бірі сол түні болуы тиіс қауіп туралы айтты.
«Өрт болған түнде Қаржаубайдың екі баласы осы үйде қонып қалмақшы болды. Бірақ, қуанышқа орай, олар мұнда қонбады», - дейді көршісі.
Қазір оқиға орнында тергеу амалдары жүргізілуде, бірақ өрттің шығу себебі туралы нақты ақпарат әзірге жарияланған жоқ.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық