Шені жоғарылайтын қауіпсіздік күштері қызметкерлері детектордан өтуі мүмкін
Фото: Pexels
Қазақстан қауіпсіздік күштері қызметкерлері шенін жоғарылату кезінде детектордан өтуі мүмкін, деп хабарлайды Orda.kz.
Бұл туралы «Қазақстан Республикасының Құқық қорғау органдарында, азаматтық қорғау органдарында, мемлекеттік фельдъегерлік қызметінде полиграфологиялық зерттеуден өту қағидаларын бекіту туралы» заң жобасында айтылған.
«Қазақстан Республикасының Құқық қорғау органы, азаматтық қорғау органы, мемлекеттік фельдъегерлік қызметкерлерінің зерттеуі жоғары тұрған басшы лауазымдарға ұсыну кезінде (аттестаттау немесе жоспардан тыс аттестаттау немесе жоғары тұрған басшы лауазымға конкурс шеңберінде) және қызметтік тергеп - тексеру жүргізу кезінде оның келісімімен жүргізіледі» деп жазылған Үкімет қаулысының жобасында.
Сонымен қатар, құжатта жоғары тұрған басшы лауазымдарға ұсынылған кезде:
- құқық қорғау органдарында қызметте болудың жасырын теріс себептері (тыйым салынған қоғамдық бірлестіктер, қылмыстық және террористік ұйымдар және басқалар қызметінің мүддесі үшін);
- теріс тәуелділіктер, психикалық және физикалық тәуелділікті тудыратын есірткі, психотроптық және өзге де психоактивті заттарды қолдану;
- құқық қорғау органдарында қызметтен толық өтуге кедергі келтіретін жасырын аурулар, суицидтік бейімділік;
- кірістер, мүлік және мүліктік сипаттағы міндеттемелер туралы мәліметтерді жасыру, қос азаматтықтың болуы, жалған құжаттарды пайдалану;
- сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасау, бөгде адамдарға құпия немесе қызметтік ақпарат беру фактілері;
- сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту фактілері;
- тыйым салынған қоғамдық бірлестіктермен, қылмыстық және террористік ұйымдармен байланыс немесе коммерциялық құрылымдарға қатысу, егер бұл бұрын олардың лауазымдық міндеттеріне кірмеген болса;
- лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану тексеріледі.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық