Шенеуніктерге заңсыз берілген пәтерлер қайтарылды
иллюстрациялық сурет
Шенеуніктерге заңсыз берілген пәтерлер қайтарылып, Талдықорғанда кезекте тұрғандар арасында үлестірілді.
Талдықорған қаласында бұрын мемлекеттік қызметкерлер мен өзге де тұлғаларға заңсыз берілген 14 пәтер қайтарылып, кезекте тұрғандарға үлестірілді. Бұл туралы Талдықорған қаласы әкімдігінің Instagram желісіндегі ресми аккаунты хабарлады.
Бұған дейін Талдықорған әкімі соңғы бес жылда мемлекеттік қордан 1000-нан астам пәтер мен үй заңсыз берілгенін хабарлаған болатын. Кеше белгілі болғандай, қазірдің өзінде 14 пәтер мемлекет меншігіне қайтарылып, баспана кезегінде тұрған қала тұрғындарына үлестірілді.
— Алдағы уақытта барлық қайтарылған пәтерлер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы аясындағы бұйрыққа сәйкес, қаламыздағы кезекте тұрғандар арасында бөлінеді. Бұл бағыттағы жұмыстар тұрақты бақылауда және жалғасын табады, - деп сендірді әкімдік.
Сондай-ақ, басқарма Жетісу облысы прокурорының орынбасары мен Талдықорған прокуроры тұратын пәтерлерді тексергендерін де айтты.
— Айта кетейік, бұл пәтерлер қала әкімдігінің балансында және жекешелендіру құқығы жоқ қызметтік пәтерлер. Қызмет көрсету тоқтатылғаннан кейін пәтерлер прокуратураның жаңадан тағайындалған қызметкерлері арасында қайта бөлінетін болады, - дейді әкімдіктегілер.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық